Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бейіндегі мамандардың кәсіби деңгейі мен әлеуметтік мәртебесін арттыруға бағытталған өзгерістерді енгізуді бастады.
«Денсаулық сақтау саласындағы мамандарды сертификаттау қағидаларына өзгерістер енгізу туралы...» бұйрық жобасы аясында санитариялық-эпидемиологиялық қызмет қызметкерлеріне біліктілікті беру және растау мүмкіндіктері кеңейтілуде. Енді аккредиттелген ұйымдар берген кәсіби бағалау нәтижелері «Санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылық саласындағы маман сертификатын беру» мемлекеттік қызметін көрсету кезінде ескерілетін болады.
Жаңашылдықтар мүмкіндік береді:
Бұл өзгерістер кәсіби ортаны дамытуға және елдің санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ететін мамандардың жұмыс сапасын арттыруға бағытталған.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі кадрларды қолдау тетіктерін жетілдіруді және қоғамдық денсаулық сақтау жүйесін нығайтуды жалғастыра отырып, халықтың қауіпсіздігі мен денсаулығының жоғары деңгейін қамтамасыз етеді.