БҰЙЫРАМЫН:
- «Әкімшілік рәсімдерді жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулықтарды және әкімшілік актілердің үлгілерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының 2025 жылғы 19 мамырдағы №57-НҚ бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мыналар:
- осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Комитеттің және оның аумақтық бөлімшелерінің әкімшілік рәсімдерінің тізбесі;
- осы бұйрыққа 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 29, 30, 31, 32 және 33-қосымшаларға сәйкес Комитеттің және оның аумақтық бөлімшелерінің әкімшілік рәсімдерді жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулықтары;
- осы бұйрыққа 34, 35, 36, 37, 38, 39, 40, 41, 42, 43, 44, 45, 46, 47, 48, 49, 50 және 51-қосымшаларға сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне әкімшілік актілер мен жауаптардың үлгілері; көрсетілген бұйрыққа 1, 16, 30, 35 және 40-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3, 4 және 5-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы бұйрыққа 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15 және 16-қосымшаларға сәйкес 41, 42, 43, 44, 45, 46, 47, 48, 49, 50 және 51-қосымшалармен толықтырылсын.
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің құқықтық қамтамасыз ету басқармасы осы бұйрықты «Электрондық өтініштер» ақпараттық-талдамалық жүйесінің «Білім базасында» және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің (бұдан әрі – Комитет) интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
- Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігінің
Санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау комитеті
төрағасының міндетін атқарушы Н. Сәдуақасов