ІШКІ КОНКУРС
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің (бұдан әрі – Комитет) 2025 жылғы 2 желтоқсандағы конкурстық комиссиясының қорытынды шешімі
Комитеттің Өнеркәсіптік және радиациялық қауіпті объектілерді бақылау басқармасының бас сарапшысы (С-4 санаты, А блогы, 1 бірлік) бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға Гулназ Байболовна Касымова ұсынылды.
Комитеттің Ведомстволық бағынысты ұйымдарды дамыту басқармасының бас сарапшысы (C-4 санаты, А блогы, 1 бірлік) бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына конкурстық комиссияның оң шешімін алған үміткерлердің болмауына байланысты жалпы конкурс жариялансын.