Диеталық профилактикалық тағамның арнайы тамақ өнімінің мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің қолданылуын тоқтату туралы

№ 126-НҚ от 04.11.2025 ж

Диеталық профилактикалық

тағамның арнайы тамақ өнімінің

мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің

қолданылуын тоқтату туралы

 

            «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 42-бабына және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің                      2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-336/2020  бұйрығымен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың нормативтік құқықтық актілерінде айқындалатын өнімді мемлекеттік тіркеу қағидаларының 25 және                                           26-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Мемлекеттік тіркеу туралы мынадай:

  • Дайындаушысы: «MEHRIGIYO ORGANIC FACTORY», заңды мекенжайы: Ферғана облысы, Қоқан қаласы, Навруз МСГ, Алишер Навои орамы, 101 үй, 7 пәтер, өндіріс мекенжайы: Ферғана облысы, Қоқан қаласы, Ташкентлигузар МСГ, Тароват көшесі, 18, Өзбекстан Республикасы. «VITA +»
    3 жастан бастап балаларға арналған мармелад аюлар» диеталық профилактикалық тағамның арнайы тамақ өнімінің 2025 жылғы 12 мамырдағы №KZ.16.01.98.004.R.000431.05.25;
  • Дайындаушысы: «MEHRIGIYO» ЖК, Ферғана облысы, Үшкөпір ауданы, Урозимерган ауылы, 94, Өзбекстан Республикасы. «Кальций мен D дәрумені бар мармелад» 3 жастан бастап балаларға арналған» диеталық профилактикалық тағамның арнайы тамақ өнімінің 2023 жылғы 7 желтоқсандағы №KZ.16.01.98.004.R.000821.12.23 (бланк нөмірі 0002267);
  • Дайындаушысы: «MEHRIGIYO» ЖК, Ферғана облысы, Үшкөпір ауданы, Урозимерган ауылы, 94, Өзбекстан Республикасы. «Паразиттерге қарсы мармелад» 3 жастан бастап балаларға арналған» диеталық профилактикалық тағамның арнайы тамақ өнімінің 2023 жылғы 13 шілдедегі № KZ.16.01.98.004.R.000434.07.23 (бланк нөмірі 0001990) куәліктерінің
    (бұдан әрі - Куәлік) қолданысы тоқтатылды деп саналсын.
  1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің (бұдан әрі - Комитет) мемлекеттік қызметтерді көрсету басқармасы:

 

1) осы бұйрықтың 1-тармағында көрсетілген  куәліктердің күшін жоюды және Өнімдерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің бірыңғай тізілімінен алып тастауды;

2) осы бұйрықтың 1-тармағында көрсетілген куәліктердің қолданылуын тоқтату туралы ақпаратты Комитеттің ресми сайтына орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

         Негіз: «MEHRIGIYO ORGANIC FACTORY» ЖШС-ның 2025 жылғы                         13  қазандағы  №ЖТ-2025-03607195 өтініші.

 

Қазақстан Республикасының

Денсаулық сақтау министрлігінің

Санитариялық-эпидемиологиялық

бақылау комитетінің төрағасы                                        С. Бейсенова

Дата публикации
05 ноября 2025