ІШКІ КОНКУРС
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің (бұдан әрі – Комитет) конкурстық комиссиясының
2025 жылғы 31 шілдедегі отырысының қорытынды шешімі
Комитеттің Бухгалтерлік есеп басқармасының бас сарапшысы (уақытша, негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалысы кезеңіне 2025 жылғы 11 қарашаны қоса алғанда), C-4 санаты, B блогы, 1 бірлік, Комитеттің Бақылау-қадағалау қызметін үйлестіру басқармасының бас сарапшысы (уақытша, негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалысы кезеңіне 2026 жылғы 20 шілдені қоса алғанда), C-4 санаты, А блогы, 1 бірлік, Комитеттің Вакцинамен басқарылатын инфекцияларды бақылау басқармасының бас сарапшысы (уақытша, негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалысы кезеңіне 2026 жылғы 24 маусымды қоса алғанда), C-4 санаты, А блогы, 1 бірлік, Комитеттің Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары, С-О-2 санаты, В блогы (1 бірлік) бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына үміткерлердің болмауына байланысты жалпы конкурс жариялансын.