ҚР ДСМ Cанитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелері 2024 жылғы 20 ақпандағы №43 орталық мемлекеттік органдар мен олардың аумақтық бөлімшелерінің Әдеп жөніндегі уәкілдерінің 2024 жылғы Үлгілік жұмыс жоспарын іске асыру бойынша жұмыс жүргізуде.
2024 жылдың бірінші жартыжылдығында Комитеттің 21 аумақтық бөлімшелерінің Әдеп жөніндегі уәкілдерімен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсету бойынша 500-ден астам іс-шаралар өткізілді.
Сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымдарды атқаратын мемлекеттік қызметшілермен жүйелі профилактикалық жұмыс жүргізіледі.
Ағымдағы жылдың 5 айында 1895-тен астам мемлекеттік қызметшілерді қамтитын 136 семинар өткізілді.