№ 6 от 11.09.2023
денсаулық сақтау министрлігі
БАС МЕМЛЕКЕТТІК САНИТАРИЯЛЫҚ ДӘРІГЕРІ |
Министерство здравоохранения Республики Казахстан
ГЛАВНЫЙ ГОСУДАРСТВЕННЫЙ САНИТАРНЫЙ ВРАЧ |
ҚАУЛЫСЫ ПОСТАНОВЛЕНИЕ
2023 жылғы 11 қыркүйектегі № 6 11 сентября 2023 года № 6____
Астана қаласы город Астана
Тұмау және ЖРВИ жөніндегі
2023-2024 жылдардың эпидемиялық
маусымына арналған
санитариялық-профилактикалық,
санитариялық-эпидемияға қарсы
іс-шараларды жүргізу туралы
Қазақстан Республикасының халқы арасында тұмаудың және басқа да жіті респираторлық вирустық инфекциялардың (бұдан әрі – ЖРВИ) таралуының алдын алу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1) медициналық ұйымдардың ағымдағы жылғы 1 қазаннан бастап тұмауға қарсы иммундау науқанын өткізуге дайындығын;
2) жұмыс берушілердің қаражаты есебінен жұмыскерлерді тұмауға қарсы вакцинациялау бойынша ірі кәсіпорындардың жұмыс берушілерімен белсенді ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізуді қамтамасыз етсін.
1) медициналық ұйымдардың ағымдағы жылғы 1 қазаннан бастап тұмауға қарсы иммундау науқанын өткізуге дайындығын, оның ішінде:
- тиісті шаралар қабылдай отырып, вакцинаны сақтау және тасымалдау үшін салқындату жабдығының жеткіліктілігіне бағалау жүргізуді;
- тұмауға қарсы вакцинациялауға жататын адамдардың тізімін дайындауды;
- егу кабинеттерін, егу бригадаларын тұмауға қарсы вакцинациялауға және иммундаудан кейін қолайсыз көріністер тіркелген жағдайларда шұғыл көмек көрсетуге дайындауды;
- профилактикалық егулерді жүргізу мәселелері бойынша вакцинаторларды оқытуды және анафилактикалық реакциялар мен басқа да иммундаудан кейінгі қолайсыз көріністер (ИКҚК) кезінде көмек көрсетуді;
2) медициналық ұйымдар мен білім беру ұйымдарының жұмыскерлерімен клиника, саралап диагностикалау, тұмау мен ЖРВИ-ді емдеу және олардың профилактикасы мәселелері бойынша семинарлар мен нұсқамалар өткізуді;
3) тұмау мен ЖРВИ-дің профилактикасы және оларға қарсы күрес шаралары туралы халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізуді;
4) «Жіті респираторлық вирустық инфекциялар, тұмау және олардың асқынулары (пневмония), менингококк инфекциясы, COVID-19 коронавирустық инфекциясы, желшешек, скарлатина кезінде санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 27 мамырдағы № ҚР ДСМ-47 бұйрығына (бұдан әрі – бұйрық) сәйкес жіті респираторлық вирустық инфекциялар, тұмау және олардың асқынулары (пневмония) кезінде санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды өткізуді қамтамасыз етсін.
1) ағымдағы жылғы 1 қазаннан бастап аумақтық бөлімшелерге ақпарат ұсына отырып, «Медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде оларға қарсы міндетті профилактикалық екпелер жүргізілетін аурулардың тізбесін, екпелерді жүргізу қағидаларын, мерзімдерін және халықтың профилактикалық екпелерге жататын топтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі № 612 қаулысына сәйкес адамдарға тұмауға қарсы вакцинациялауды жүргізуді;
2) екінші және үшінші триместрдегі жүкті әйелдерді тұмауға қарсы вакцинациялау туралы ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізуді және оларды вакцинациялауды;
3) медициналық ұйымдардың қажетті жағдайларын жасауды, дезинфекциялау препараттары мен жеке қорғаныш құралдарының болуын (әлеуметтік қашықтықты сақтау, маскаларды пайдалану, антисептиктердің болуын) көздей отырып, эпидемиялық маусым кезеңінде ЖРВИ-мен және тұмаумен ауыратын науқастарды қабылдауға дайындығын;
4) аумақта және ғимаратта кіреберісте тиісті көрсеткіштері бар «сүзгілерді» ұйымдастыруды және жабдықтауды;
5) келушілердің емханада болу уақытын шектеуді, науқастарды қабылдау үшін қосымша кабинеттер бөлуді;
6) үйде шақыруларға қызмет көрсету үшін жағдай жасауды;
7) медициналық ұйымдардың үй-жайларында кемінде + 18 °С, босану блогының үй-жайларында кемінде + 22 °С температуралық режимді қамтамасыз етуді;
8) ЖРВИ-мен, тұмаумен (j00-06, 10, 11, 12.0, 12.2, 20.4, 20.5, 20.6, 20.9 коды АХЖ-10) сырқаттанушылықтың және олардың асқынуларының (пневмонияның) жай-күйі, сондай-ақ олардан болатын өлім-жітім туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы» ШЖҚ РМК-ның (бұдан әрі – Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы) филдиалымен ұсынылатын деректерге сәйкес аумақтық бөлімшелерге күн сайын ұсынуды;
9) ЖРВИ, тұмау және олардың асқынулары (пневмония) көріністері бар жүкті әйелдерді және 1 жасқа дейінгі балаларды күнделікті патронажбен, уақтылы емдеуге жатқызумен қамтамасыз ете отырып, үйге шақыртуға бірінші кезекте қызмет көрсетуді;
10) тұмаумен және ЖРВИ-мен ауруханаішілік сырқаттанушылық жағдайларын есепке алуды және тіркеуді жүзеге асыруды, оның себептерін тергеп-тексеруді және тұмаудың өршуін оқшаулау бойынша шаралар қабылдауды;
11) ЖРВИ мен тұмаудың профилактикасы туралы көрнекі ақпараттық материалды (жадынамалар, нұсқаулықтар) (стенділер, кітапшалар, парақшалар, плакаттар, тұмаудың профилактикасы жөніндегі бейнематериалдарды көрсету) пациенттер болатын жерлерде орналастыруды;
12) тұмауға және басқа да ЖРВИ-ге зертханалық зерттеулер үшін биоматериал алуды, сақтауды және Ұлттық сараптама орталығының аумақтық филиалдарына жеткізуді;
13) бұйрыққа сәйкес тұмауды және ЖРВИ-ді күнделікті эпидемиологиялық қадағалауды және тұмауға ұқсас аурулар (бұдан әрі – ТҰА) мен ауыр жіті респираторлық инфекцияларды (бұдан әрі – АЖРИ) шолғыншы эпидемиологиялық қадағалауды жүргізуді;
14) тұмауды, ЖРВИ-ді, ТҰА-ны және АЖРИ-ды күнделікті және шолғыншы қадағалау шеңберінде:
- ТҰА, АЖРИ, ЖРВИ, COVID-19 белгілерімен медициналық ұйымдарға (МАСК, стационарлар) жүгінген пациенттерді;
- РҚТБ-ге АЖРИ-мен емдеуге жатқызылған пациенттерді тұмаудың және басқа да ЖРВИ-дың және COVID-19-дың вирустарына зертханалық тексеруді қамтамасыз етсін;
15) реанимация және қарқынды терапия бөлімшелеріне (РҚТБ) емдеуге жатқызылған адамдардан тұмауға және COVID-19-ға зерттеу үшін биоматериал алу мынадай жолмен жүргізіледі:
– егер РҚТБ-ге емдеуге жатқызылған пациенттерде биоматериалды алу РҚТБ-ға ауыстырған сәтке дейін 2 тәулік ішінде РҚТБ-ден тыс (қабылдау бөлімшесі немесе басқа бөлімше) жүргізілген болса, биоматериалды алу жүргізілмейді;
– РҚТБ-ға ауыстыру кезінде стационарға келіп түскеннен кейін 2 және одан да астам күн өткен соң тұмауға және COVID-19-ға қосымша үлгілерді іріктеу жүргізіледі.
1) болмауының себебін анықтай отырып, оқушылардың, қызметкерлердің күнделікті қатысуына мониторинг жүргізуді және медициналық ұйымдарды хабардар етуді;
2) жіті респираторлық ауру белгілері бар адамдарды кіргізбеу үшін тәрбиелеу объектілерінде күнделікті таңертеңгі сүзгіні ұйымдастыруды және жүргізуді, топтық оқшаулауды сақтауды;
3) таңертеңгі сүзгі кезінде ЖРВИ және тұмау белгілері анықталған балаларды уақтылы шеттетуді ұйымдастыруды, оларды медициналық пунктке немесе учаскелік дәрігерді үйге шақыру үшін үйге жіберуді;
4) білім беру ұйымдарына баратын, ауырған балаларды бір күн ішінде ата-аналары келгенге дейін оқшаулауды ұйымдастыруды;
5) білім беру ұйымдарында әрбір қабатта, әрбір сыныпта (аудиторияда, кабинетте) оқушылардың, персоналдың қолдарын өңдеу үшін тері антисептигі бар санитайзерлерді орнатуды;
6) жеке гигиена қағидаларын сақтау және ЖРВИ мен тұмаудың профилактикасы мәселелері бойынша оқушыларға тақырыптық диктанттар өткізуді;
7) ЖРВИ және тұмаумен сырқаттанушылықтың көтерілуі кезеңінде:
- бір инкубациялық кезең ішінде бір сыныптағы оқушылардың ЖРВИ-мен ауыруы сыныптағы оқушылар санының 20%-дан 30 %-на дейін тіркелген кезде жалпы білім беру ұйымдарында кабинеттік оқыту жүйесін болдырмауға ұсыным беруді, күнтізбелік он күннің ішінде сыныптарға жаңа балаларды қабылдауға тыйым салуды;
1) Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығының филиалдарымен салыстыруды жүргізе отырып, ЖРВИ, тұмау жағдайларын және олардың асқынуларын (пневмония), сондай-ақ тұмауға және ЖРВИ-ге биоматериалды зертханалық зерделей отырып, олармен байланысты өлім жағдайларын есепке алуды;
2) 1 қазаннан бастап жас ерекшеліктері, тәуекел топтарының санаттары бойынша халықты тұмауға қарсы иммундауға күн сайын мониторинг жүргізуді;
3) 1 қазаннан бастап аумақтар, жас ерекшеліктері және тәуекел топтары бойынша жүкті әйелдер мен бір жасқа дейінгі балалар арасында ЖРВИ, тұмау және олардың асқынулары (пневмония), сондай-ақ олардан болатын өлім-жітімді, тұмауға қарсы вакцинацияланған адамдар арасында ЖРВИ және тұмаумен сырқаттанушылықты күн сайын мониторингтеуді;
4) сырқаттанушылықтың апта сайынғы бақылау деңгейлері асып кеткен кезде немесе ЖРВИ, тұмау ауруларының көрсеткіштері өткен апталармен салыстырғанда 1,5 және одан да астам есе өскен кезде аумақтарда шектеу іс-шараларын енгізуді;
5) жергілікті атқарушы органдарды ЖРВИ-мен, тұмаумен сырқаттанушылық және олардың асқынулары (пневмония) және олардан болатын өлім-жітім, өңірдегі вирустың айналымдағы түрлерінің белсенділігі және тұмау мен ЖРВИ-дың профилактикасы және оларға қарсы күрестің қажетті шаралары бойынша эпидемиялық жағдай туралы хабардар етуді қамтамасыз етсін.
1) молекулярлық-генетикалық зерттеу (ПТР, секвенирлеу) жүргізу үшін шығыс зертханалық материалдардың, тест-жүйелердің, диагностикумдардың азаймайтын қорын;
2) молекулярлық-генетикалық зерттеу жүргізуді (ПТР, секвенирлеу);
3) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2019 жылғы 15 мамырдағы №4 қаулысына сәйкес тұмауға зертханалық зерттеу жүргізуді;
4) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес үлгілер келіп түскен күннен бастап үш күннен кешіктірмей зерттеу нәтижесін бере отырып, тұмауды, ЖРВИ-ды, тұмауға ұқсас ауруды және АЖРИ-ды күнделікті және шолғыншы қадағалау шеңберінде алынған материалды тұмау және басқа да ЖРВИ және COVID-19 вирустарына параллель зерттеуді жүргізуді;
5) республикамыздың Солтүстік Батыс өңірінің (Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ұлытау облыстарының, Астана қаласының) шолғыншы және күнделікті қадағалау орталықтарынан келіп түскен оң үлгілерді тұмауға қайта тестілеу жолымен зертханалық зерттеулердің сапасына бағалау жүргізуді, сондай-ақ «кері байланыс» қағидаты бойынша аумақтық вирусологиялық зертханаларға зертханалық зерттеулер нәтижелерін уақтылы ұсынуды;
6) ДДСҰ Еуропалық өңірлік бюросына (Tessy) апта сайынғы есепті енгізу үшін ҚР ДСМ «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» (бұдан әрі – СЭМ ҒПО) филиалына тұмау бойынша секвенирлеу нәтижелерін ұсынуды;
7) СЭМҒПО-ға тұмауға оң нәтижелерді жіберуді;
8) ҰСО филиалдарының вирусологиялық зертханаларының қызметіне бағалау жүргізе отырып, шолғыншы және күнделікті қадағалау өңірлеріне 3 жылда кемінде 1 рет бару арқылы ұйымдастыру-әдістемелік көмек көрсетуді қамтамасыз етсін.
1) жас ерекшеліктері, тәуекел топтарының санаттары бойынша халықты тұмауға қарсы иммундау туралы, ЖРВИ-мен, тұмаумен сырқаттанушылық және олардың асқынулары (пневмония), олардан болатын өлім-жітім, тұмауға және ЖРВИ-ға зертханалық зерттеу туралы республика бойынша ақпаратты (бұдан әрі – ақпарат) жинақтауды;
2) 1 қазаннан бастап ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне (бұдан әрі – Комитет) ақпаратты күн сайын ұсынуды;
3) молекулярлық-генетикалық зерттеулер (ПТР, секвенирлеу) жүргізу үшін шығыс зертханалық материалдардың, тест-жүйелердің, диагностикумдардың азаймайтын қорын;
4) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2019 жылғы 15 мамырдағы №4 қаулысына сәйкес тұмауға зертханалық зерттеу жүргізуді;
5) молекулярлық-генетикалық зерттеулер (ПТР, секвенирлеу) жүргізуді;
6) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес үлгілер келіп түскен күннен бастап үш күннен кешіктірмей зерттеу нәтижесін бере отырып, тұмауды, ЖРВИ-ды, тұмауға ұқсас ауруды және АЖРИ-ды күнделікті және шолғыншы қадағалау шеңберінде алынған материалды тұмау және басқа да ЖРВИ және COVID-19 вирустарына параллель зерттеуді жүргізуді;
7) республикамыздың Оңтүстік Шығыс өңірінің (Абай, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу, Қызылорда, Түркістан облыстарының, Алматы және Шымкент қалаларының) шолғыншы және күнделікті қадағалау орталықтарынан келіп түскен оң үлгілерді тұмауға қайта тестілеу жолымен зертханалық зерттеулердің сапасына бағалау жүргізуді, сондай-ақ «кері байланыс» қағидаты бойынша аумақтық вирусологиялық зертханаларға зертханалық зерттеулер нәтижелерін уақтылы ұсынуды;
8) тұмауға кәсіптік панельдерді дайындауды;
9) ДДСҰ Еуропалық өңірлік бюросына ПТР және секвенирлеу әдісімен зертханалық тестілеу нәтижелері мен эпидемиологиялық деректерді енгізуді;
10) шолғыншы және күнделікті қадағалау орталықтарының, СЭБД-ның және ҰСО филиалдарының вирусологиялық зертханаларының қызметіне бағалау жүргізе отырып, шолғыншы және күнделікті қадағалау өңірлеріне 3 жылда кемінде 1 рет бару арқылы ұйымдастыру-әдістемелік көмек көрсетуді қамтамасыз етсін.
Қазақстан Республикасының
Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері А. Есмағамбетова
Қазақстан Республикасының
Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2023 жылғы қыркүйектегі
№ қаулысына
1-қосымша
Тестілеу стратегиясына сәйкес пациенттерді қосу және жағдайларды жіктеу алгоритмі
|
РҚТБ-ға АЖРИ-мен емдеуге жатқызылған пациенттер Коморбидтік жағдайдағы пациенттер
|
|
Медициналық ұйымдарға жүгінген пациенттер (МСАК, стационар)
|
|
ТҰА, АЖРИ, ЖРВИ жағдайының стандартты анықтамасына сәйкес үлгілерді алу үшін пациенттерді сәйкестендіру |
|
Тұмауға тестілеу |
|
SARS-CoV-2-ге тестілеу |
|
Тұмау оң (А, В түрі)
|
|
Тұмау теріс |
|
Басқа ЖРВИ-ға |