БҰЙЫРАМЫН:
«Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің және оның аумақтық бөлімшелерінің ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 8 қазандағы № 644 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесінде:
19-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) мыналарды:
Комитеттің құрылымдық бөлімшелерінің, Комитеттің аудандық және қалалық аумақтық бөлімшелерінің ережелерін;
Комитеттің обаға қарсы күрес станцияларының жарғыларын;
Комитеттің құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің, Комитеттің облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, көліктегі аумақтық бөлімшелері басшылары орынбасарларының, Комитеттің ведомстволық бағынысты ұйымдары басшыларының лауазымдық нұсқаулықтарын;
Комитеттің жұмыс регламентін бекітеді;»;
Комитеттің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінің Комитеттің шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорындарының 2-тармағы алып тасталсын;
Комитеттің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі мынадай мазмұндағы республикалық мемлекеттік мекемелері – Комитетінің обаға қарсы күрес станцияларымен толықтырылсын:
«Республикалық мемлекеттік мекемелер – Комитетінің обаға қарсы күрес станциялары:
1) осы бұйрық қабылданған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оның электрондық түрдегі қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі А. Ғиният