БАРЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА ІШКІ КОНКУРС (ШҚО)

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Шығыс-Қазақстан облысының Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті

БАРЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА ІШКІ КОНКУРС

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

С-О-4 санаты үшін:    жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

      мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

      жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

      1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

      2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда 2 жылдан кем емес;

      3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі 1 жылдан кем емес;

      4) өкiлеттiктерiн теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі алты айдан кем емес;

      5) мемлекеттік қызмет өтілі 2 жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында 1 жылдан кем емес;

      6) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

      7) ғылыми дәрежесінің болуы;

      8) сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды.

  С-О-5 санаты үшін:     жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

      мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

      жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 C-R-1 санаты үшін:    жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

      мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

      жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

      1) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

      2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

      3) А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;

      4) өкiлеттiктерiн теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

      5) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдардың лауазымдарында, немесе облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдардың басшылық лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу органдарының басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;

      6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын басшылық лауазымдарда 2 жылдан кем емес;

      7) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

      8) ғылыми дәрежесінің болуы.

    C-R-3 санаты үшін:   жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

      мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

      жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

      1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

      2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес;

      3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;

      4) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында 1 жылдан кем емес;

      5) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

      6) ғылыми дәрежесінің болуы.

C-R-4 санаты үшін:    Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

      мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

     Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 желтоқсанда  № 14542 болып тіркелді.

 

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы, теңге:

 

Санаты

           Еңбек  сіңірген  жылдарына  байланысты

min

max

С-О-4

126356,58

170599,08

С-О-5

108305,64

146177,22

С-R-1

142460,85

192366,39

С-R-3

106358,97

142814,79

С-R-4

95209,86

128834,16

 

І. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Шығыс Қазақстан облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі, 070003, Шығыс Қазақстан  облысы, Өскемен  қаласы, Н.Назарбаев даңғылы 17, анықтама телефоны: 8(7232) 765-125, e-mail: kadry.dzppvko@mz.gov.kz, «Б» корпусының бос және уақытша бос әкімшілік мемлекеттік лауазым орындарына барлық мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды:

 

  1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Шығыс Қазақстан облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің медициналық қызметтердің сапасын талдау және жоспарлы мониторингілеу бөлімінің басшысы, санаты С-О-4, 1 бірлік, Код (№10-01-01)

Функционалдық  міндеттері: Бөлімнің жұмысына басшылық ету, жоспарлау және бақылау.  Медициналық қызметтер көрсетуді жоспарлы бақылау саласындағы жұмысты үйлестіру. Медициналық көмек сапасына бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру. Тұрғындардың медициналық көмек сапасына және деңгейіне қанағаттану деңгейін анықтау. Денсаулық сақтау субъектілерінің қызметін, денсаулық сақтау саласындағы стандарттардың сақталуын жоспарлы бақылау. Медициналық қызмет көрсетудің барлық деңгейінде дәрі –дәрмекті тиімді тағайындауды бақылау. Халық емінің (емшілік) қызмет көрсетуіне бақылау  жасау. Құзіреті барысында медициналық көмек көрсету мәселелері  бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру.  Жетекшілік ететін бөлім бойынша есептер, ақпараттар, анықтамаларды дайындауды қамтамасыз ету. Құзыретінің шегінде мемлекеттік органдар және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасу. Қазақстан Республикасының заңнамасының, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзыретінің шегінде өзге де міндеттерді орындау.

Конкурсқа  қатысушыларға  қойылатын  талаптар: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім келесі бөлімнің мамандықтары бойынша: «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету», (жалпы медицина, емдеу ісі, педиатрия, стоматология, қоғамдық денсаулық сақтау) білімге рұқсат етіледі.

 

  1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Шығыс Қазақстан облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің медициналық қызметтердің сапасын талдау және жоспарлы мониторингілеу бөлімінің бас маманы (санаты С-О-5, 1 бірлік, Код (№10-02-01)

Функционалдық  міндеттері: Денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне, көрсетілетін медициналық қызметтер жарнамасына, диагностика, емдеу және медициналық оңалту әдістеріне жоспарлы бақылау жүргізу. Денсаулық сақтау субъектілерінің медициналық қызметін бақылау бойынша нәтижелер талдамасы. Медициналық қызмет көрсетудің барлық деңгейінде дәрі –дәрмекті тиімді тағайындалуына, халық емінің (емшілік) қызмет көрсетуіне бақылау  жасау. Медициналық кадрларды аттестациялаудан өткізуге қатысу. Денсаулық сақтау субъектілерін аккредитациялаудан өткізуге қатысу. Бөлімнің жұмыс жоспарын орындау, бөлім қызметінің көрсеткіштерін дайындау. Шешімдер, өкімдер, бұйрықтар, сұраулар, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша ақпараттарды дайындау. Құзыретінің шегінде мемлекеттік органдар және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасу. Қазақстан Республикасының заңнамасының, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзыретінің шегінде өзге де міндеттерді орындау.

Конкурсқа  қатысушыларға  қойылатын  талаптар: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім келесі бөлімнің мамандықтары бойынша: «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету», (жалпы медицина, емдеу ісі, педиатрия, стоматология, қоғамдық денсаулық сақтау) білімге рұқсат етіледі.

 

  1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Шығыс Қазақстан облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің медициналық көмектің сапасы мен тәуекелдерін бағалау бөлімінің бас маманы (санаты С-О-5, 1 бірлік, Код (№12-02-01)

Функционалдық  міндеттері: Медициналық көмек сапасын және тәуекелдерін бағалау саласында іс-шаралар өткізу. Құзыреті шегінде медициналық көмектің сапасын бақылауды жүзеге асыруға қатысу. Тұрғындардың медициналық көмек сапасына және деңгейіне қанағаттану деңгейін анықтау. Бөлімнің жұмыс жоспарын орындау, бөлім қызметінің көрсеткіштерін дайындау. Шешімдер, өкімдер, бұйрықтар, сұраулар, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша ақпараттарды дайындау. Құзыретінің шегінде мемлекеттік органдар және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасу. Қазақстан Республикасының заңнамасының, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзыретінің шегінде өзге де міндеттерді орындау.

Конкурсқа  қатысушыларға  қойылатын  талаптар: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім келесі бөлімнің мамандықтары бойынша: «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету», (жалпы медицина, емдеу ісі, педиатрия, стоматология, медициналық-профилактикалық іс, гигиена, санитария, эпидемиология, қоғамдық денсаулық сақтау) білімге рұқсат етіледі.

 

  1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Шығыс Қазақстан облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің балалар мен жасөспірімдер арасындағы инфекциялық емес ауруларды бақылау және қадағалау бөлімінің бас маманы, санаты С-О-5, 1 бірлік, Код №№(05-02-01)-(05-02-02).

Функционалдық  міндеттері: Балалар, білім беру объектілерін мемлекеттік санитариялық-гигиеналық қадағалау іс-шараларын жүзеге асыру, оның ішінде білім беру ортасының факторларына байланысты балалар мен жасөспірімдер аурушаңдығының талдауы мәселесі жөнінде. Жобаларға санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу. Профилактикалық және санитариялық-гигиеналық іс-шараларды жүргізу. Бөлімнің жұмыс жоспарын орындау, бөлім қызметінің көрсеткіштерін дайындау. Шешімдер, өкімдер, бұйрықтар, сұраулар, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша  ақпараттарды дайындау. Мемлекеттік қызмет көрсету. Департаменттің аумақтық басқармаларының қызметкерлеріне әдістемелік және практикалық көмек көрсету. Құзыретінің шегінде мемлекеттік органдар және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасу. Қазақстан Республикасының заңнамасының, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзыретінің шегінде өзге де міндеттерді орындау.

Конкурсқа  қатысушыларға  қойылатын  талаптар: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім келесі бөлімнің мамандықтары бойынша: «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету», (медициналық-профилактикалық іс, гигиена, санитария, эпидемиология, қоғамдық денсаулық сақтау), немесе медициналық-биологиялық іс білімге рұқсат етіледі.

 

  1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Шығыс Қазақстан облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің фармацевтикалық инспекторат бөлімінің бас маманы (санаты С-О-5, 3 бірлік, Код №№(14-02-01)-(14-02-04).

Функционалдық  міндеттері: Халықты және денсаулық сақтау ұйымдарын қауіпсіз, тиімді және сапалы дәрілік заттармен, медициналық бұйымдармен қамтамасыз етуді бақылау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі іс-шараларды жүргізу. Тиісті фармацевтикалық практикаларға сәйкес фармацевтикалық инспекцияларды жүзеге асыруға қатысу. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алуға бюджеттік қаражаттың қажеттілігін қалыптастыру және жоспарлау. Медициналық көмек көрсетудің барлық деңгейлерінде дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың ұтымды тағайындалуын және пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыру. Фармацевтикалық қызмет саласында, есірткі құралдары, психотроптық заттар және олардың прекурсорлары айналымы саласында мемлекеттік қызметтер көрсету. Бөлімнің жұмыс жоспарын орындау, бөлім қызметінің көрсеткіштерін дайындау. Құзыретінің шегінде мемлекеттік органдар және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасу. Қазақстан Республикасының заңнамасының, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзыретінің шегінде өзге де міндеттерді орындау.

Конкурсқа  қатысушыларға  қойылатын  талаптар: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім келесі бөлімдердің мамандықтары бойынша: «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету» (фармация), немесе «Техникалық ғылымдар және технология» (фармацевтикалық өндіріс технологиясы) білімдерге рұқсат етіледі.

 

  1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Шығыс Қазақстан облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің фармацевтикалық қызметті бақылау бөлімінің бас маманы (санаты С-О-5, 2 бірлік, Код №№(15-02-01)-(15-02-04).

Функционалдық  міндеттері: Халықты және денсаулық сақтау ұйымдарын қауіпсіз, тиімді және сапалы дәрілік заттармен, медициналық бұйымдармен қамтамасыз етуді бақылау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі іс-шараларды жүргізу. Медициналық көмек көрсетудің барлық деңгейлерінде дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың ұтымды тағайындалуын және пайдаланылуын, сондай-ақ есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының айналымын бақылау. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы, қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру туралы істерді қозғау және қарау. Фармацевтикалық қызмет саласында, есірткі құралдары, психотроптық заттар және олардың прекурсорлары айналымы саласында мемлекеттік қызметтер көрсету. Бөлімнің жұмыс жоспарын орындау, бөлім қызметінің көрсеткіштерін дайындау. Құзыретінің шегінде мемлекеттік органдар және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасу. Қазақстан Республикасының заңнамасының, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзыретінің шегінде өзге де міндеттерді орындау.

Конкурсқа  қатысушыларға  қойылатын  талаптар: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім келесі бөлімдердің мамандықтары бойынша: «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету» (фармация), немесе «Техникалық ғылымдар және технология» (фармацевтикалық өндіріс технологиясы), немесе «Құқық» (құқықтану) білімдерге рұқсат етіледі.

 

  1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Шығыс Қазақстан облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің әкімшілік-құқықтық қамтамасыз ету және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау бөлімінің бас маманы (санаты С-О-5, 2 бірлік, Код №№(17-02-05)-(17-02-06).

Функционалдық  міндеттері: Департаменттің әкімшілік-құқықтық қамтамасыз ету және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау саласында жұмыс жүргізу. Құқықтық мәселелерді қарауға қатысу. ҚР заңнамасын насихаттауды, құқықтық жалпы оқытуды жүргізу. Департамент шығаратын құқықтық сипаттағы құжаттарға заңдық сараптама жүргізу. Семинарларды, кеңестерді, "дөңгелек үстелдерді" және т.б. ұйымдастыруға және өткізуге қатысу. Бөлімнің жұмыс жоспарын орындау. Шешімдер, өкімдер, бұйрықтар, сұраулар бойынша ақпарат дайындау. Құзыретінің шегінде мемлекеттік органдар және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасу. Қазақстан Республикасының заңнамасының, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзыретінің шегінде өзге де міндеттерді орындау.

Конкурсқа  қатысушыларға  қойылатын  талаптар: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім келесі бөлімдердің мамандықтары бойынша: «Құқық» (юриспруденция, халықаралық құқық) білімге рұқсат етіледі.

 

  1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Шығыс Қазақстан облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің қаржы және мемлекеттік сатып алулар бөлімінің бас маманы (санаты С-О-5, 1 бірлік, Код №№(18-02-01)-(18-02-06).

Функционалдық  міндеттері: Бюджеттік өтінімдерді қалыптастыру. Бухгалтерлік есепті жүргізу, азаматтық-құқықтық мәмілелерді, төлемге арналған шоттарды тіркеуге өтінімдер жасау, мемориальдық ордерлерін жүргізу, төлемге шоттарды қалыптастыру және жалақы, еңбек демалыстары және іссапарлар шығыстары, салық және міндетті төлемдер бойынша ақша аудару, қаржыландыру жоспарының орындалуы туралы есеп жасау. Бюджеттің  айлық орындалуының мониторингісі мен бақылау. Негізгі құралдардың аналитикалық есебін жүргізу. Активтерді, тауарлық-материалдық құндылықтарды уақытылы түгендеу және есептен шығару. Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүргізу, талдау және мониторинг бойынша жұмыстарды ұйымдастыру. Шарттарды уақтылы жасауды, шарттар бойынша міндеттемелерді орындамаған және тиісінше орындамаған кезде экономикалық ықпал ету шараларын қолдануды қамтамасыз ету. Бөлімнің жұмыс жоспарын орындау. Шешімдер, өкімдер, бұйрықтар, сұраулар, бойынша  ақпараттарды дайындау. Құзыретінің шегінде мемлекеттік органдар және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасу. Қазақстан Республикасының заңнамасының, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзыретінің шегінде өзге де міндеттерді орындау.

Конкурсқа  қатысушыларға  қойылатын  талаптар: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім бөлімнің мамандықтары бойынша: «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (экономика, есеп және аудит, қаржы) білімге рұқсат етіледі.

 

  1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Шығыс Қазақстан облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің персоналды басқару қызметінің бас маманы (санаты С-О-5, 2 бірлік, Код №№(01-02-01)-(01-02-03).

Функционалдық  міндеттері: Мемлекеттік қызметтен өту рәсімдерін қамтамасыз ету: конкурстық іріктеу, мемлекеттік қызметке қабылдау, жұмыстан босату, мемлекеттік қызметшілердің қызметінің тиімділігіне бағалауды,  аттестаттауды жүргізу, мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау, біліктілігін арттыру. Тәртіптік, марапаттау, аттестаттау және кадр мәселелері жөніндегі өзге де комиссиялардың жұмысына қатысу. Жеке құрам,  өндірістік қызмет, іссапарлар және демалыстар туралы  бұйрықтардың жобаларын дайындау. Жеке деректерді есепке алу. Е – қызмет базасымен жұмыс жасау. Кадр қызметінің жағдайы туралы есепті дайындау. Әскери міндеттілерді есепке алуды ұйымдастыру және жүргізу. Штат кестесінің жобасын дайындау. Құжаттарды ведомстволық мұрағатқа тапсыруды ұйымдастыру. Құзыретінің шегінде мемлекеттік органдар және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасу. Қазақстан Республикасының заңнамасының, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзыретінің шегінде өзге де міндеттерді орындау.

Конкурсқа  қатысушыларға  қойылатын  талаптар: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім келесі бөлімдердің мамандықтары бойынша: «Құқық» немесе «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (психология, экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, еңбекті мөлшерлеу және ұйымдастыру), немесе «Гуманитарлық ғылымдар» (философия, халықаралық қатынастар, тарих, филология, аударма ісі), немесе «Техникалық ғылымдар және технология» (есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету), немесе «Білім» (тарих, экономика және құқық негіздері, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, шет тілі: екі шет тілі, қазақ тілді емес мектептерде қазақ тілі мен әдебиеті, әлеуметтік педагогика мен өзін-өзі тану) білімдерге рұқсат етіледі.

 

  1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Шығыс Қазақстан облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы, санаты С-R-1, 3 бірлік, Код №№(20-01-01)-(20-01-19), оның ішінде:

- Алтай ауданы басқармасы – 1 бірлік,

- Катонқарағай аудандық басқармасы – 1 бірлік,

- Бородулиха аудандық басқармасы - 1 бірлік.

Функционалдық  міндеттері: Басқарманың қоғамдық денсаулық сақтау, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау саласындағы қызметіне жалпы басшылық ету,  үйлестіру және бақылау. Тұтынушыларға өткізілетін өнімдер мен көрсетілетін қызметтер бойынша, сондай-ақ тағам өнімдерінің қауіпсіздігі саласында, техникалық регламенттермен және нормативтік құжаттармен белгіленген талаптардың сақталуын бақылауды жүзеге асыру. Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды, профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізуді ұйымдастыру. Мемлекеттік қызмет көрсетудің уақтылығы мен сапалы болуын қамтамасыз ету, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау. Жұмыс және сараптамалық топтарға қатысу, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау және тексеру шегінде шаралар қабылдау. Азаматтарды жеке қабылдау. Бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде, интернет-ресурстарда қызметін жариялай отырып, кеңестер, семинарлар, "дөңгелек үстелдер" өткізуді ұйымдастыру. Құзыретінің шегінде мемлекеттік органдар және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасу. Қазақстан Республикасының заңнамасының, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзыретінің шегінде өзге де міндеттерді орындау.

Конкурсқа  қатысушыларға  қойылатын  талаптар: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім келесі бөлімнің мамандықтары бойынша: «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету» (медициналық-профилактикалық іс, гигиена, санитария, эпидемиология, қоғамдық денсаулық сақтау) білімге рұқсат етіледі.

 

  1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Шығыс Қазақстан облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің Көкпекты аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің басшысы (санаты С-R-3, 1 бірлік, Код №№(27-01-01)-(27-01-12).

Функционалдық  міндеттері: Бөлімнің жұмысына басшылық ету, жоспарлау және бақылау. Бақылаудағы объектілерді мемлекеттік санитариялық-гигиеналық қадағалауды жүргізу  жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу.    Халыққа сатылатын өнімдер мен қызметтің нормативтік құжаттары мен техникалық регламенттерімен бекітілген талаптардың сақталуы бойынша бақылауды жүзеге асыру. Ауруханаішілік және иммунопрофилактикалық, профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды эпидемиологиялық қадағалау мәселелері бойынша бөлімнің жұмысын ұйымдастыру және бақылау. Мемлекеттік қызмет көрсету, заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарастыру. Кеңестер мен семинарлар ұйымдастыру және жүргізу.  Жетекшілік ететін бөлім бойынша есептер, ақпараттар, анықтамаларды дайындауды қамтамасыз ету. Құзыретінің шегінде мемлекеттік органдар және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасу. Қазақстан Республикасының заңнамасының, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзыретінің шегінде өзге де міндеттерді орындау.

Конкурсқа  қатысушыларға  қойылатын  талаптар: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім келесі бөлімнің мамандықтары бойынша: «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету» (медициналық-профилактикалық іс, гигиена, санитария, эпидемиология,  қоғамдық денсаулық сақтау, фармация) білімге рұқсат етіледі.

 

  1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Шығыс Қазақстан облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының ұйымдастыру-құқықтық жұмыс және мониторингілеу бөлімінің бас маманы (санаты С-R-4, 3 бірлік, Код №№(21-02-01)-(21-02-06), оның ішінде:

- Өскемен қалалық басқармасы – 1бірлік;

- Риддер қалалық басқармасы -1 бірлік;

- Алтай ауданы басқармасы – 1 бірлік,

Функционалдық  міндеттері: Заңды және жеке тұлғалардан келіп түсетін арыздардың, өтініштердің орындалуын бақылау.  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау. Құқықтық жалпы оқыту жүргізуді ұйымдастыру. Әкімшілік практиканы жүргізу. Басқарманың қызметкерлеріне құқықтық мәселелер бойынша практикалық көмек көрсету.  Сотта, сондай-ақ басқа да ұйымдарда басқарма қызметінің құқықтық мәселелерін қарау кезінде басқарма мүдделерін заңнамада белгіленген тәртіпте қорғау. Құқықтық сипаттағы құжаттарға заңдық сараптама жүргізу. Құзыретінің шегінде мемлекеттік органдар және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасу. Қазақстан Республикасының заңнамасының, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзыретінің шегінде өзге де міндеттерді орындау.

Конкурсқа  қатысушыларға  қойылатын  талаптар: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім бөлімнің мамандықтары бойынша: «Құқық» (юриспруденция, халықаралық құқық), немесе орта білімнен кейінгі мамандықтар бойынша: «Құқық» (құқықтану) білімдерге рұқсат етіледі.

 

  1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Шығыс Қазақстан облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің Өскемен қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының ауруханаішілік инфекцияларды (АІИ) эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің бас маманы (санаты С-R-4, 2 бірлік, Код №№(25-02-01)-(25-02-07).

Функционалдық  міндеттері: Ауруханаішілік инфекцияларды қадағалау  мәселелері бойынша ұйымдастыру-әдістемелік жане практикалық жұмысты жүргізу. Ауруханаішілік жұқпалар бойынша мониторинг жүргізу. Облыстың емдеу-алдын алу  мекемелерінде санитарлық-эпидемиологиялық, дезинфекциялық-стерильдік және санитарлық-гигиеналық режимдердің сақталуын бақылау.  Бөлімнің жұмыс жоспарын орындау, бөлім қызметінің көрсеткіштерін дайындау.  Шешімдер, өкімдер, бұйрықтар, сұраулар, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша  ақпараттарды дайындау. Құзыретінің шегінде мемлекеттік органдар және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасу. Қазақстан Республикасының заңнамасының, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзыретінің шегінде өзге де міндеттерді орындау.

Конкурсқа  қатысушыларға  қойылатын  талаптар: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім келесі бөлімнің мамандықтары бойынша: «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету» (медициналық-профилактикалық іс, гигиена, санитария, эпидемиология, қоғамдық денсаулық сақтау, емдеу ісі, педиатрия), немесе медициналық-биологиялық іс, немесе ортадан кейінгі білім келесі мамандықтар бойынша: (гигиена, санитария, эпидемиология, емдеу ісі, медбикелік іс) білімдерге рұқсат етіледі.

 

  1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Шығыс Қазақстан облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің Катонқарағай аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің бас маманы, санаты С-R-4, 2 бірлік, Код№№(27-03-01)-(27-03-22).

Функционалдық  міндеттері: Халыққа сатылатын өнімдер мен қызметтің нормативтік құжаттары мен техникалық регламенттерімен бекітілген талаптардың сақталуы бойынша бақылауды жүзеге асыру, бақылаудағы объектілерді мемлекеттік санитариялық-гигиеналық қадағалау жүргізу. Ауруханаішілік және иммунопрофилактикалық, профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу. Мемлекеттік қызмет көрсету, заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарастыру. Кеңестер мен семинарлар ұйымдастыру және жүргізу.  Жетекшілік ететін бөлім бойынша есептер, ақпараттар, анықтамаларды дайындауды қамтамасыз ету. Құзыретінің шегінде мемлекеттік органдар және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасу. Қазақстан Республикасының заңнамасының, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзыретінің шегінде өзге де міндеттерді орындау.

Конкурсқа  қатысушыларға  қойылатын  талаптар: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім келесі бөлімдердің мамандықтары бойынша: «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету» (медициналық-профилактикалық іс, гигиена, санитария, эпидемиология, қоғамдық денсаулық сақтау, медбикелік ісі), немесе  медициналық-биологиялық іс, немесе «Техникалық ғылымдар және технологиялар» (стандарттау сертификаттау және метрология, биотехнология, өмір тіршілігінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау), немесе «Жаратылыстану ғылымдары» (экология), немесе ортадан кейінгі білім келесі мамандықтар бойынша: (гигиена, санитария, эпидемиология, емдеу ісі, медбикелік іс) білімдерге рұқсат етіледі.

 

  1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Шығыс Қазақстан облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің бас маманы (санаты С-R-4, 2 бірлік, Код№№ (24-02-01)-(24-02-18).

- Алтай ауданы басқармасы – 1 бірлік,

- Глубокое аудандық басқармасы – 1 бірлік,

 Функционалдық  міндеттері: Эпидемиологиялық қадағалау мәселелері бойынша жұмысты ұйымдастыру және бақылау, профилактикалық эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша ақпараттар дайындау. Сырқаттанушылықтың жағдайын жедел, ретроспективті талдау. Инфекциялық, паразиттік, аса қауіпті және карантиндік аурулардың мониторингілерін жүргізу. Энтомология қадағалауды жүргізу. Аурухана ішілік инфекцияларды эпидемиологиялық қадағалауды қамтамасыз ету. Есептер мен аналитикалық материалдарды дайындау. Құзыретінің шегінде мемлекеттік органдар және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасу. Қазақстан Республикасының заңнамасының, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзыретінің шегінде өзге де міндеттерді орындау.

Конкурсқа  қатысушыларға  қойылатын  талаптар: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім келесі бөлімнің мамандықтары бойынша: «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету» (медициналық-профилактикалық іс, гигиена, санитария, эпидемиология,  қоғамдық денсаулық сақтау, емдеу ісі, педиатрия), немесе  медициналық-биологиялық іс, немесе ортадан кейінгі білім келесі мамандықтар бойынша: (гигиена, санитария, эпидемиология, емдеу ісі, медбикелік іс) білімдерге рұқсат етіледі.

 

            Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

       Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.

       Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

       Тар шеңберде мамандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

       Тар шеңберде мамандырылған ретінде мемлекеттік орган қызметшілерінің  5 пайызынан аз қызметші ие болған мамандық болып табылады.

       Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

       Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

       Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.

       Басқарушы лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір эссені жазады. Эссе «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу Қағидалардың 4-қосымшасында белгіленген параметрлерге сәйкес Комисиямен бағаланады. Эссені жазу уақыты 45 минуттан аспау керек.

       Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

       1) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш (нысаны қоса беріледі); 

       2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.

       Құжаттарды қабылдау мерзімі - 3 ЖҰМЫС КҮНІ, ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі

       Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сайты: www.qyzmet.gov.kz

 

 

Шығыс-Қазақстан облысының Тауарлар

мен көрсетілетін қызметтердің сапасы

мен қауіпсіздігін бақылау департаменті

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрлігінің

Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің

сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті
      (мемлекеттік орган)    

Өтініш

 

Мені_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________

бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын. Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

 

Қоса берілген құжаттар:

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

Мекен жайы және байланыс телефоны _______________________________
________________________________________________________________

      

_________                                                                            _____________________________
(қолы)                                                                                       (Т.А.Ә. (болған жағдайда))

      

 

«____»_______________ 20__ ж.

 

 

БАРЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА ІШКІ КОНКУРС (ШҚО)
Дата публикации
24 января 2020