Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Атырау облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті
МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАННЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРІ АРАСЫНДА ІШКІ КОНКУРС
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
С-О-4 санаты үшін: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес;
3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
4) өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі алты айдан кем емес;
5) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында бір жылдан кем емес;
6) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
7) ғылыми дәрежесінің болуы;
8) Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
9) сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды.
С-О-5 санаты үшін: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
С-R-3 санаты үшін: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес;
3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;
4) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында бір жылдан кем емес;
5) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
6) ғылыми дәрежесінің болуы;
7) Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелді.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы, теңге:
|
Санат |
Еңбек сіңірген жылдарына байланысты |
|
|
min |
max |
|
С-О-4 |
126357 |
170599 |
|
С-О-5 |
108306 |
146177 |
|
С-R-3 |
106359 |
142815 |
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Атырау облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті» РММ, 060007, Атырау облысы, Атырау қаласы, Гурьев көшесі, 7а-үй, анықтама телефондары 8 (7122) 32-31-49, факс 8 (7122) 35-40-39, e-mail: dkkbtu_atyrau@mz.gov.kz, каб. № 24, «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға ішкі конкурс жариялайды:
Функционалдық міндеттері: Техникалық регламенттердің талаптарының сақталуын бақылау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру. Департаменттің аумақтық бөлімшелерінің жұмысының жағдайына жоспарлы және жоспардан тыс тексерулерді жүзеге асыруға қатысу. Құзыретінің шегінде департаменттің аумақтық басқармаларының мамандарына әдістемелік және практикалық көмек көрсету. Құзыретінің шегінде департамент алқасының талдау материалдарының, анықтамаларының, баяндамаларының, қаулыларының жобаларын дайындау. Қазақстан Республикасының заңнамасының, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету. Құзыретінің шегінде мемлекеттік органдар және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасу. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзыретінің шегінде өзге де міндеттерді орындау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина, медициналық-профилактикалық іс, қоғамдық денсаулық сақтау, жалпы медицина), техника және технологиялар (биотехнология, азық-түлік өнімдерінің технологиясы, стандарттау, сертификаттау және метрология, тағам қауіпсіздігі).
Функционалдық міндеттері: Бөлімнің жұмысына жалпы басшылық ету. Жіті ішек инфекциялары, вирустық және вакцинамен басқарылатын инфекциялар, паразиттік аурулар бойынша эпидемиологиялық жағдайды мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру. Инфекциялық және паразиттік аурулардың өршулерін тексеруге, олардың себептерін анықтауға, шоғырландыру және алдын алу бойынша ұсынымдар әзірлеуге қатысу. Облыстағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау, талдау материалдарын құру, эпидемиологиялық жағдайды жақсарту жөніндегі іс-шараларды әзірлеу. Облыстық және өңірлік семинарларды, ғылыми-практикалық конференцияларды ұйымдастырға және өткізуге қатысу. Департаментке ведомстволық бағыныстағы органдар мен ұйымдардың жұмысының жағдайына жоспарлы және жоспардан тыс тексерулерді жүзеге асыруға қатысу. Құзыретінің шегінде департаменттің және басқармаларының мамандарына әдістемелік және практикалық көмек көрсету. Департамент алқасының талдау материалдарының, анықтамаларының, баяндамаларының, қаулыларының жобаларын дайындау. Қазақстан Республикасы заңнамасының, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету мәселелері бойынша мемлекеттік органдар және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасу. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзыретінің шегінде өзге де міндеттерді орындау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина, медициналық-профилактикалық іс, қоғамдық денсаулық сақтау, жалпы медицина).
Функционалдық міндеттері: Бақылау-қадағалау функцияларын орындау және облыста санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылықты қамтамасыз ету жөніндегі бөлім жұмысын ұйымдастыру, жоспарлау және бақылау. Карантиндік, аса қауіпті инфекциялық аурулар мен туберкулез мәселелері бойынша департамент басқармаларының қызметін үйлестіру және талдау. Карантиндік, аса қауіпті инфекциялар мен туберкулез жөніндегі профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралардың ұйымдастырылуын бақылау. Санитариялық-эпидемиологиялық мәселелер бойынша бағдарламаларды әзірлеу. Облыстағы эпидемиологиялық жағдайды қадағалау, карантиндік, аса қауіпті инфекциялық аурулармен және туберкулезбен сырқаттанудың ретроспективтік талдауын дайындау. Басқармалар ұсынатын карантиндік, аса қауіпті инфекциялық аурулар және туберкулез бойынша есептердің уақытылығы мен есепке алынуының растығын бақылау. Аса қауіпті инфекциялық аурулар мәселелері бойынша ветеринариялық қызметпен өзара іс-қимыл жасасу. Аса қауіпті инфекциялардың табиғи ошақтығының зерделенуін ұйымдастыру, дератизациялық іс-шаралардың жүргізілуін бақылау. Шешімдер, өкімдер, бұйрықтар және жеке және заңды тұлғалардың шағымдары бойынша ақпараттың дайындалуын және орындалуын бақылау. Департамент басқармаларына практикалық көмек көрсету. Қазақстан Республикасы заңнамасының, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдылықтың сақталуын қамтамсыз ету. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен және ұйымдармен азара іс-қимыл жасасу. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзыретінің шегінде өзге де міндеттерді орындау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина, медициналық-профилактикалық іс, қоғамдық денсаулық сақтау, жалпы медицина), жаратылыстану (биология), білім (биология), ветеринария.
Функционалдық міндеттері: Бөлімнің облыстағы санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылықты қамтамасыз ету бойынша жұмысын ұйымдастыру, жоспарлау және бақылау. Ұйымдастыру-әдістемелік және зертханалық жұмыс жоспарларын жасау және олардың орындалуын талдау, бөлім қызметінің басым бағыттарын анықтау, бөлім жұмысының көрсеткіштерін дайындау, ісқағаздарының жүргізілуін ұйымдастыру. Департаменттің басқармаларының ауруханаішілік инфекцияларды қадағалау мәселелері бойынша қызметін үйлестіру және талдау. Емдеу-профилактикалық ұйымдарында санитариялық-гигиеналық, дезинфекциялау-стерилдеу режимдерінің сақталуына, ауруханаішілік аурулармен сырқаттануға мониторингтің жүргізілуіне ағымдағы қадағалауды қамтамасыз ету. Инфекциялық сырқаттанушылық жағдайларының және Басқармалар тапсыратын есептердің уақтылы, дәйекті есепке алынуын бақылау. Медициналық ұйымдардың қалдықтарының жиналуын, пайдаланылуын, залалсыздандырылуын, сақталуын және жойылуын қадағалауды қамтамасыз ету. Емдеу-профилактикалық ұйымдарында профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу. Шешімдер, өкімдер, бұйрықтар және жеке және заңды тұлғалардың шағымдары бойынша ақпараттың дайындалуын және орындалуын бақылау. Департамент басқармаларына практикалық көмек көрсету. Қазақстан Республикасы заңнамасының, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдылықтың сақталуын қамтамсыз ету. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен және ұйымдармен азара іс-қимыл жасасу. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзыретінің шегінде өзге де міндеттерді орындау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина, медициналық-профилактикалық іс, қоғамдық денсаулық сақтау, жалпы медицина).
Функционалдық міндеттері: Медициналық көмек көрсету жағдайда денсаулық сақтау ұйымдардың заң сақтауды мемлекеттік бақылауды, ескертуді жүзеге асырады. Медициналық көмек сапасы бойынша мониторинг жүргізу. Біліктілігіне қарай медициналық саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету, сонын ішінде электрондық мемлекеттік қызмет көрсету. Жоғары тұрған мемлекеттік мекемелердің қойылған тәртібі бойынша медициналық ұйымдардың жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету талаптарына сәйкестігін анықтау. Медициналық қызмет бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау. Медициналық ұйымдарының медициналық көмек көрсету сапасына, ішкі бақылау қызметтіне методикалық көмек көрсету: Бөлім құжаттарын мемлекеттік тілде сапалы орындау. Электрондық бағдарлама жүйелерінде негізгі қызмет бойынша жұмыс жасау: Қойылған уақытында негізгі қызмет бойынша есептерін дайындау. Қойылған уақытында Департамент басшыларының нұсқамаларын орындау. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес, құқық бұзушылық істі қарастыру және әкімшілік жаза беру, хаттама толтыру, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес басқа міндеттерін орындау, бөлім басшының жұмыста болмау жағдайында, ішкі бұйрықтар негізінде бөлім басшының міндеттерін атқарады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина, медициналық-профилактикалық іс, қоғамдық денсаулық сақтау, жалпы медицина), құқық.
Функционалдық міндеттері: Саламатты өмір салтын қалыптастыруды және салауатты тамақтануды ұйымдастыру. Қоғамдық денсаулық сақтау және жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау мәселелері бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жасауды және іске асыруды жүзеге асыру. Қоғамдық денсаулық сақтау, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы мәселелері бойынша халық арасында түсіндіру жұмысын ұйымдастыру. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасау. Денсаулық сақтау мәселелері бойынша жастар ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасауды және ынтымақтастықты жүзеге асыру. Санитариялық-гигиеналық қадағалауды ұйымдастыру, санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды талдау. Профилактикалық және санитариялық-гигиеналық іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу. Халықтың салауаттылығын қамтамасыз ету мәселелері бойынша жұмыс және сараптау топтарына қатысу. Ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс жоспарын құру және оның орындалуына талдау жүргізу, бөлім қызметінің көрсеткіштерін дайындау. Денсаулық сақтау, қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдардың, денсаулық сақтау субъектілері мен өзге де ұйымдардың жұмысын әдістемелік және ұйымдастырушылық үйлестіру. Шешімдер, өкімдер, бұйрықтар және жеке және заңды тұлғалардың шағымдары бойынша ақпараттың дайындалуын және орындалуын бақылау. Департамент басқармаларына практикалық көмек көрсету. Қазақстан Республикасы заңнамасының, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдылықтың сақталуын қамтамсыз ету. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен және ұйымдармен азара іс-қимыл жасасу. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзыретінің шегінде өзге де міндеттерді орындау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина, медициналық-профилактикалық іс, қоғамдық денсаулық сақтау, жалпы медицина), техника және технологиялар (биотехнология, азық-түлік өнімдерінің технологиясы, тағам қауіпсіздігі), құқық.
Функционалдық міндеттері: Бөлімнің жұмысына басшылық ету. Келіп түсетін хат-хабарламалардың сапасына және уақтылы орындалуын, электрондық құжат айналымының жүргізілуін, азаматтардың өтініштерін департамент қызметкерлерінің уақтылы орындауына бақылауды жүзеге асыру. Аудандық және қалалық басқармалардың қызметінің көрсеткіштеріне талдау жүргізу, жинақтап қорыту, қызметін жақсарту жөнінде ұсыныстар дайындау. Департаменттің кеңейтілген мәжілісі жұмысын ұйымдастыру, хаттама жүргізу. Облыстық деңгейде конференцияларды, семинарларды, қоғамдық іс-шараларды өткізуге қатысу. Департаментте және аумақтық бөлімшелерде ісқағаздарының жүргізілуін, құжаттарды есепке алу мен сақтау тәртібін бақылау. Қабылдау бөлімінің жұмысын ұйымдастыру, департамент басшылығының азаматтарды қабылдауын ұйымдастырылуын бақылау.Департамент кеңсесінің жұмысын бақылау. Департаменттің және басқармалар мамандарының кезекті біліктілігін арттыруын қадағалап, мерзімді марапатталуына ұсыныстар беру. Ведомстволық мұрағаттың жұмысын бақылау. Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нысандарды тексеру кестесінің жасақталуын және міндетті ведомстволық есептілігінің жүргізілуін бақылау. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мамандар үшін біліктілік санатын беру туралы куәлікті беру және кері қайтарып алу бойынша мемлекеттік қызмет көрсету. Департаменттің негізгі ұйымдастыру шараларының жылдық жоспарын жасақтап, орындалысына талдау жасау. Департаментте және аумақтық басқармаларда мемлекеттік тілді дамыту бойынша жұмысты ұйымдастыру, тіл саясаты туралы заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының заңнамасының, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету. Құзыретінің шегінде мемлекеттік органдар және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасу. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзыретінің шегінде өзге де міндеттерді орындау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина, медициналық-профилактикалық іс, қоғамдық денсаулық сақтау, жалпы медицина), білім, гуманитарлық ғылымдар (филология, аударма ісі), әлеуметтік ғылымдар, (журналистика, жұршылықпен байланыс), техникалық ғылымдар және технологиялар (автоматтандыру және басқару, ақпараттық жүйелер, қайта өңдеу өндірісінің технологиясы).
Функционалдық міндеттері: Тіл саясаты туралы заңнаманы іске асыру бойынша жұмысты жүзеге асыру. Мемлекеттік тілді дамыту және мемлекеттік тілде ісқағаздарын жүргізілуін ұйымдастыру. Мемлекеттік тілде дайындалған ресми құжаттарды түзету. Мемлекеттік тілді зерделеу бойынша сабақтарды ұйымдастыру. Департаменттің бөлімдері мен басқармаларының мамандарына мемлекеттік тілді дамыту бойынша консультативтік және практикалық көмек көрсету. Мемлекеттік органдармен және ұйымдармен мемлекеттік тілді дамыту мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасасу. Облыстық деңгейде конференцияларды, семинарларды, қоғамдық іс-шараларды өткізуге қатысу. Департамент өткізетін ресми іс-шараларды ұйымдастыру және қатысу, хаттама жүргізу. Жұртшылықпен, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен өзара байланысты ұйымдастыру. Ісқағаздарын жүргізу және құжаттау және құжаттаманы басқару бойынша басқа да нормативтік-әдістемелік құжаттар жөніндегі нұсқаулықтарды әзірлеу. Департаменттің бөлімдерінде істер номенклатурасын ресімдеуде әдістемелік басшылықты және бақылауды жүзеге асыру. Департаментте және аумақтық басқармаларда ісқағаздарының жүргізілуін, құжаттарды есепке алу мен сақтау тәртібін бақылау. Қажетті есептілікті дайындау және департамент басшылығына ұсыну. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзыретінің шегінде өзге де міндеттерді орындау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина, медициналық-профилактикалық іс, қоғамдық денсаулық сақтау, жалпы медицина), білім, гуманитарлық ғылымдар (филология, аударма ісі), әлеуметтік ғылымдар, (журналистика, жұршылықпен байланыс), техникалық ғылымдар және технологиялар (автоматтандыру және басқару, ақпараттық жүйелер, қайта өңдеу өндірісінің технологиясы).
Функционалдық міндеттері: Ай сайын бюджеттің орындалуын бақылау және мониторинг жүргізу. Бюджеттік өтінімдерді қалыптастыру. Бюджеттік жобалық сметалық есептерін есептік жылға және келер жылға дайындау және жыл ішінде бюджетке енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларға қажетті құжаттар дайындап, мекеменің бюджетіне тиісті өзгерістер енгізу. Әкімшілік бағдарлама мекемесіне үш жылдық республикалық бюджет жобасын дайындап, қорғау. Ағымдағы жылға бюджеттік есептік ерекшеліктерге сәйкес мекеменің жинақтық есептерін дайындау. Ай сайынғы ерекшеліктерге сәйкес сметалық шығындарға талдау жасап отыру. Әр тоқсан сайын мекеменің көрсеткен қызметтерінің көлемі туралы есептерді мерзімінде облыстық статистика басқармасына тапсыру. Атырау облысы бойынша департаментінің, қалалық және аудандық басқармаларының қызметкерлерінің штаттық тарификацияларын жасап, өзгерістер енгізу. Бюджеттік сұранысқа сәйкес керекті мәлімдеме қабылдау және қаржыландыру жұмыстарымен айналысу. Атырау облысы бойынша департаментіне қарасты мекемелерден келіп түскен қаражат сұраныстарына сәйкес талдау жасай отырып, мекеменің жеке жоспарына өзгеріс жасау. Мекемелерден келген хаттарға жауап дайындау. Ай сайын бюджеттің орындалысына сәйкес Комитетке есептер дайындау. Қазақстан Республикасының заңнамасының, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету. Құзыретінің шегінде мемлекеттік органдар және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасу. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзыретінің шегінде өзге де міндеттерді орындау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім:әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, есеп және аудит, қаржы).
Функционалдық міндеттері: Ай сайын бюджеттің орындалуын бақылау және мониторинг жүргізу. Негізгі құралдардың (ғимараттардың, жабдықтың, автокөлік құралдарының, өндірістік мүкәммалдың) талдамалы есебін жүргізу. Материалдық мүліктер есебінің негізгі және айналым қорларының есептерін жүргізу, жалпы Атырау облысы департаменті бойынша құны аз мүлікке жататын барлық заттарға талдау жасап, бас кітаппен салыстырып отырады. Тоқсан сайын пайдаланудағы және қоймадағы материалдық мүліктерге есептік қадағалау жасап отыру және олардың түгендеу мен зауыттық нөмірлерін есептік негізгі қор карточкаларымен салыстырып отыру. Мекемелер арасындағы қарым-қатынас есептерін, мекемелер арасында есеп айырбастау жұмыстарын жүргізу. Материалдық мүліктер жөніндегі жылдық есептерді мерзімінде облыстық статистика басқармасына тапсырады. Активтерді, тауарлы-материалдық құндылықтарды уақтылы түгендеу және есептен шығару. Мекемелерден келген хаттарға жауап дайындау. Қазақстан Республикасының заңнамасының, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету. Құзыретінің шегінде мемлекеттік органдар және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасу. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзыретінің шегінде өзге де міндеттерді орындау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, есеп және аудит, қаржы).
Функционалдық міндеттері:Ай сайын бюджеттің орындалуын бақылау және мониторинг жүргізу. Бюджеттің жобасын жасауға қатысады және бюджеттің жиынтық жоспарын жасауды ұйымдастырады. Бюджеттің жиынтық жоспарына сәйкес мемлекеттік сатып алу жоспарын жасап, уақытылы веб-порталға отырғызады. Жоспарланып отырған қаржы жылына арналған Департамент жүргізетін тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүргізу, талдау және мониторингі бойынша жұмысын ұйымдастыру. Шарттарды уақытылы жасауды, олардың заңнама талаптарына сәйкестілігін, шарттар бойынша міндеттемелерді орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда экономикалық әрекет ету шараларын қолдануды қамтамасыз етеді. Мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстарды ұйымдастырады. Мемлекеттік сатып алу бойынша өткізілген конкурстардың хаттамалары мен шешімдерінің дұрыстығын тексеріп оны веб-порталда уақытылы отырғызады. Веб-сайтқа орналастыру үшін мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасын әзірлейді. Мекемелерден келген хаттарға жауап дайындау. Қазақстан Республикасының заңнамасының, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету. Құзыретінің шегінде мемлекеттік органдар және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасу. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзыретінің шегінде өзге де міндеттерді орындау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, есеп және аудит, қаржы), құқық.
Функционалдық міндеттері: Бөлімнің жұмысын үйлестіру және іске асыру. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналымы саласында мемлекеттік саясатты іске асыру. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналымы саласындағы тиісті фармацевтикалық практикалардың стандарттарына сәйкестігіне қатысу және жүргізу.Құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау. Қазақстан Республикасында дәрілік заттардың, медициналық бұйымдар айналысы мәселелерін реттейтін фармацевтикалық саланы дамыту стратегияларын, заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу. Бөлім қызметкерлерінің қызметін бақылауды жүзеге асыру, қызметкерлердің атқарушылық және еңбек тәртібін сақтауын қамтамасыз ету, оларға практикалық және әдістемелік көмек көрсету. Бөлім қызметкерлерін көтермелеу және тәртіптік жаза қолдану туралы ұсыныстар енгізу. Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының орындалуын қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді орындау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім:денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (фармация, жалпы медицина, қоғамдық денсаулық сақтау), техникалық ғылымдар мен технологиялар (фармацевтикалық өндіріс технологиясы, биотехнология).
Функционалдық міндеттері: Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналымы саласында мемлекеттік саясатты іске асыру. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналымы саласындағы тиісті фармацевтикалық практикалардың стандарттарына сәйкестігіне қатысу және жүргізу.Құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау. Қазақстан Республикасында дәрілік заттардың, медициналық бұйымдар айналысы мәселелерін реттейтін фармацевтикалық саланы дамыту стратегияларын, заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу. Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының орындалуын қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді орындау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (фармация), техникалық ғылымдар мен технологиялар (фармацевтикалық өндіріс технологиясы, биотехнология), құқық.
Функционалдық міндеттері: Бөлімнің жұмысын үйлестіру және іске асыру. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналымы саласында мемлекеттік саясатты іске асыру. Заңнамаға сәйкес дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың бағаларын мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру. Фармацевтикалық қызмет бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуді жүзеге асыру. Жалған дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы іске асыруды болдырмау шараларын жүзеге асыру. Бағаларға мониторинг жүргізу мен бағаны қалыптастыру шараларын, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың мемлекеттік бағдарламасын және Ұлттық дәрілік саясатты іске асыру. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының орындалуын қамтамасыз ету. Жеке және заңды тұлғалардың шағымдарын құзыреті шегінде қарау және олар бойынша тиісті шаралар қабылдау. Әкімшілік құқық бұзушылық істерін қарау және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік жаза тағайындау. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді орындау.Құзыреті шегінде фармацевтикалық саланы дамыту стратегияларын, заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу. Бөлім қызметкерлерінің қызметін бақылауды жүзеге асыру, қызметкерлердің атқарушылық және еңбек тәртібін сақтауын қамтамасыз ету, мамандардың жұмысында практикалық және әдістемелік көмек көрсету. Бөлім қызметкерлерін көтермелеу және тәртіптік жаза қолдану туралы ұсыныстар енгізу. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді орындау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (фармация), техникалық ғылымдар мен технологиялар (фармацевтикалық өндіріс технологиясы, биотехнология).
Функционалдық міндеттері: Қоғамдық денсаулық сақтау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнаманың сақталуын бақылауды жүзеге асыру. Бақылау-қадағалау функцияларын орындау бойынша бөлімнің жұмысын ұйымдастыру, жоспарлау және бақылау. Басқармада мемлекеттік тілді дамыту бойынша жұмысты ұйымдастыру, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы, тілдер туралы заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз ету. Орындаушылық тәртіпті бақылау. Құжаттар бойынша ақпараттық-анықтамалықты қамтамасыз етуге байланысты жұмысты ұйымдастыру. Статистикалық есептілікті ұйымдастыру және санитариялық-эпидемиологиялық монторингілерді, ісқағаздарын жүргізу, азаматтардың арыздарымен және өтініштерімен жұмыс, бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс. Қазақстан Республикасы заңнамасының, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету. Құзыретінің шегінде мемлекеттік органдар және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасу. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзыретінің шегінде өзге де міндеттерді орындау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина, медициналық-профилактикалық іс, қоғамдық денсаулық сақтау, жалпы медицина), құқық, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (журналистика, жұршылықпен байланыс), білім.
Функционалдық міндеттері: Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету бойынша бөлімнің жұмысын ұйымдастыру, жоспарлау және бақылау. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша ақпараттардың дайындалуын және оның орындалуын бақылау. Ұйғарымдар мен ісқағаздарының уақтылы орындалуын бақылау. Зертханалық бақылауды жүргізе отырып, бақылаудағы объектілерге мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру. Эпидемиологиялық мониторингілердің жүргізілуін бақылау. Объектілерде және инфекциялық аурулардың ошақтарында профилактикалық эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу. Иммундық профилактика бойынша жұмысты ұйымдастыру және бақылау. Инфекциялық аурулар бойынша уақтылы және дұрыс есепке алуды және есептілікті бақылау. Сырқаттанушылықтың бақылау деңгейін, динамикасын және болжамын анықтай отырып, ретроспективті талдауды жүргізу. Санитариялық-эпидемиологиялық фонға және эпидемиологиялық жағдайға талдау жүргізу. Қазақстан Республикасы заңнамасының, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету. Құзыретінің шегінде мемлекеттік органдар және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасу. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзыретінің шегінде өзге де міндеттерді орындау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина, медициналық-профилактикалық іс, қоғамдық денсаулық сақтау, жалпы медицина), жаратылыстану (биология), білім (биология), жаратылыстану (экология), білім (экология).
Функционалдық міндеттері: Бөлімнің жұмысына басшылық ету. Бақылаудағы объектілерді санитариялық-гигиеналық қадағалау жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша ақпараттардың дайындалуын және орындалуын бақылау. Ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс жоспарының орындалуының талдауын, бөлім қызметінің көрсеткіштерін дайындау. Қазақстан Республикасының заңнамасының, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету. Құзыретінің шегінде мемлекеттік органдар және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасу. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзыретінің шегінде өзге де міндеттерді орындау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина, медициналық-профилактикалық іс, қоғамдық денсаулық сақтау, жалпы медицина), техникалық ғылымдар және технологиялар (биотехнология, азық-түлік өнімдерінің технологиясы, стандарттау, сертификаттау және метрология, тағам қауіпсіздігі), жаратылыстану (экология), білім (экология).
Функционалдық міндеттері: Бақылау-қадағалау функцияларын орындау және қоғамдық денсаулық сақтау және санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылықты қамтамасыз ету бойынша бөлімнің жұмысын ұйымдастыру, жоспарлау және бақылау. Азаматтардан келіп түсетін өтініштердің, арыздардың орындалу сапасын бақылау. Қоғамдық денсаулық сақтаужөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуын бақылау. Құқықтық жалпы оқыту жүргізуді ұйымдастыру. Әкімшілік әрекет шараларын қолдануды бақылау және талдау. Басқарманың қызметкерлеріне құқықтық мәселелер бойынша практикалық көмек көрсету. Сотта, сондай-ақ басқа да ұйымдарда басқарма қызметінің құқықтық мәселелерін қарау кезінде басқарма мүдделерін заңнамада белгіленген тәртіпте қорғау. Құқықтық сипаттағы құжаттардың қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкестігіне заңдық сараптама жүргізу. Қазақстан Республикасының заңнамасының, соның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету. Құзыретінің шегінде мемлекеттік органдар және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасу. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзыреті шегінде өзге де міндеттерді орындау. Ұйымдастыру-әдістемелік жоспарды және зертханалық зерттеу мен құрал-саймандық өлшеулерді жүргізуге мемлекеттік тапсырысты құру және орындалуын талдау, бөлім қызметінің болашақ бағытын анықтау, бөлімнің жұмыс көрсеткіштерін дайындау. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша ақпараттардың дайындалуын және орындалуын, ұйғарымдардың уақтылы орындалуын және іс қағаздардың жүргізілуін бақылау. Зертханалық бақылауды жүргізе отырып, объектілерді ескертпелі және ағымдағы санитариялық қадағалауды ұйымдастыру және жүргізу. Эпидемиологиялық қадағалау мәселелері бойынша бөлімнің жұмысын ұйымдастыру және бақылау, объектілерде және инфекциялық аурулардың ошақтарында профилактикалық эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу. Иммундық профилактика бойынша жұмысты ұйымдастыру және бақылау. Инфекциялық сырқаттанушылықты уақтылы және дұрыс есепке алуды және есептілікті бақылау. Сырқаттанушылықтың бақылау деңгейлерін, динамикасын және болжамын анықтай отырып, ретроспективті талдауды жүргізу. Дезинфекциялау қызметін ұйымдастыруды және жүзеге асыруды бақылау. Соматикалық, кәсіптік сырқаттанушылық, уақытша екбекке жарамсыздықты болдыратын сырқаттанушылық бойынша деректерді талдау. Бөлімнің мониторингін жүргізуді бақылау, санитариялық-эпидемиологиялық фонды апта сайын талдау. Кеңестерді, семинарларды ұйымдастыру және өткізу.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина, медициналық-профилактикалық іс, қоғамдық денсаулық сақтау, жалпы медицина), жаратылыстану (биология), білім (биология), жаратылыстану (экология), білім (экология), құқық.
Функционалдық міндеттері: Бақылау-қадағалау функцияларын орындау және қоғамдық денсаулық сақтау және санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылықты қамтамасыз ету бойынша бөлімнің жұмысын ұйымдастыру, жоспарлау және бақылау. Азаматтардан келіп түсетін өтініштердің, арыздардың орындалу сапасын бақылау. Қоғамдық денсаулық сақтаужөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуын бақылау. Құқықтық жалпы оқыту жүргізуді ұйымдастыру. Әкімшілік әрекет шараларын қолдануды бақылау және талдау. Басқарманың қызметкерлеріне құқықтық мәселелер бойынша практикалық көмек көрсету. Сотта, сондай-ақ басқа да ұйымдарда басқарма қызметінің құқықтық мәселелерін қарау кезінде басқарма мүдделерін заңнамада белгіленген тәртіпте қорғау. Құқықтық сипаттағы құжаттардың қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкестігіне заңдық сараптама жүргізу. Қазақстан Республикасының заңнамасының, соның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету. Құзыретінің шегінде мемлекеттік органдар және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасу. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзыреті шегінде өзге де міндеттерді орындау. Ұйымдастыру-әдістемелік жоспарды және зертханалық зерттеу мен құрал-саймандық өлшеулерді жүргізуге мемлекеттік тапсырысты құру және орындалуын талдау, бөлім қызметінің болашақ бағытын анықтау, бөлімнің жұмыс көрсеткіштерін дайындау. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша ақпараттардың дайындалуын және орындалуын, ұйғарымдардың уақтылы орындалуын және іс қағаздардың жүргізілуін бақылау. Зертханалық бақылауды жүргізе отырып, объектілерді ескертпелі және ағымдағы санитариялық қадағалауды ұйымдастыру және жүргізу. Эпидемиологиялық қадағалау мәселелері бойынша бөлімнің жұмысын ұйымдастыру және бақылау, объектілерде және инфекциялық аурулардың ошақтарында профилактикалық эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу. Иммундық профилактика бойынша жұмысты ұйымдастыру және бақылау. Инфекциялық сырқаттанушылықты уақтылы және дұрыс есепке алуды және есептілікті бақылау. Сырқаттанушылықтың бақылау деңгейлерін, динамикасын және болжамын анықтай отырып, ретроспективті талдауды жүргізу. Дезинфекциялау қызметін ұйымдастыруды және жүзеге асыруды бақылау. Соматикалық, кәсіптік сырқаттанушылық, уақытша екбекке жарамсыздықты болдыратын сырқаттанушылық бойынша деректерді талдау. Бөлімнің мониторингін жүргізуді бақылау, санитариялық-эпидемиологиялық фонды апта сайын талдау. Кеңестерді, семинарларды ұйымдастыру және өткізу.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина, медициналық-профилактикалық іс, қоғамдық денсаулық сақтау, жалпы медицина), жаратылыстану (биология), білім (биология), жаратылыстану (экология), білім (экология), құқық.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.
Тар шеңберде мамандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.
Тар шеңберде мамандырылған ретінде мемлекеттік орган қызметшілерінің 5 пайызынан аз қызметші ие болған мамандық болып табылады.
Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.
Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.
Басқарушы лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір эссені жазады. Эссе «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу Қағидалардың 4-қосымшасында белгіленген параметрлерге сәйкес Комисиямен бағаланады. Эссені жазу уақыты 45 минуттан аспау керек.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш (нысаны қоса беріледі);
2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.
Құжаттарды қабылдау мерзімі - 3 ЖҰМЫС КҮНІ, ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сайты: www.qyzmet.gov.kz
Атырау облысының тауарлар
мен көрсетілетін қызметтердің сапасы
мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің
бірыңғай конкурстық комиссия төрағасына
(мемлекеттік орган)
Өтініш
Мені_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________
бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын. Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Мекен жайы және байланыс телефоны _______________________________
________________________________________________________________
_________ _____________________________
(қолы) (Т.А.Ә. (болған жағдайда))
«____»_______________ 20__ ж.