Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Ақтөбе облысының Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті
БАРЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА ІШКІ КОНКУРС
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Ақтөбе облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті РММ, 030012, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Сәнкібай даңғылы, 1 үй, анықтама телефоны: 8(7132)55-77-27, факс: 8(7132)55-77-29, электронды пошта: aktube.dooz@mz.gov.kz, «Б» корпусының барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға ішкі конкурсты жариялайды:
1.Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Ақтөбе облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің қаржы және мемлекеттік сатып алулар бөлімінің (негізгі қызметкердің бала күтімі демалыс кезіне 11.12.2020 ж. дейін) бас маманы, санаты С-О-5, 1 бірлік,№ 21-27-8-06
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 108305 теңгеден 146177 теңгеге дейін.
Функционалды міндеттері: Бюджеттік өтінімдерді қалыптастыру. Бухгалтерлік есепті жүргізу (азаматтық-құқықтық мәмілелерді, төлемге арналған шоттарды тіркеуге өтінімдер жасау, № 1, 2, 5, 6, 8 мемориалдық ордерлерін жүргізу, төлемге шоттарды қалыптастыру және жалақы, еңбек демалыстары және іссапарлар шығыстары, салық және міндетті төлемдер бойынша ақша аудару, қаржыландыру жоспарының орындалуы туралы есеп жасау). Салық және статистикалық есептерді құру және ұсыну, салық органдарымен салыстыру жүргізу. Ай сайын бюджеттің орындалуын бақылау және мониторинг жүргізу. Негізгі құралдардың (ғимараттардың, жабдықтың, автокөлік құралдарының, өндірістік мүкәммалдың) талдамалы есебін жүргізу. Активтерді, тауарлы-материалдық құндылықтарды уақтылы түгендеу және есептен шығару. Есепті кезең бойынша бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалауға, бюджеттік өтінімдерді дайындауға қатысу. Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүргізу, талдау және мониторинг жасау бойынша жұмысты ұйымдастыру. Шарттарды уақтылы жасауды үйлестіруді, олардың заңнама талаптарына сәйкестілігін, шарттар бойынша міндеттемелерді орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда экономикалық әрекет ету шараларын қолдануды қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының заңнамасының, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету. Құзыретінің шегінде мемлекеттік органдар және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасу. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзыретінің шегінде өзге де міндеттерді орындау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі мен мамандығы бойынша талаптар: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (экономика, есеп және аудит, қаржы).
Қажетті құзыреттер бойынша талаптар: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар: жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;
2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.
Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі не "Е-gov" электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.
Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Құжаттар конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан күннен кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күннің ішінде тапсырылуы тиіс.
Конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Ақтөбе облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті» РММ өтеді.
Бұл ретте, әңгімелесуге жіберілген кандидаттар конкурстық комиссия шешім қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күн ішінде және әңгімелесу өткізуге дейін бір жұмыс күннен кешіктірмей әңгімелесу өткізу күні туралы хабарланады.
Сонымен қатар, басқарушы лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір эссені жазады.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментіне Әбілқайыр хан даңғылы 40 (анықтама телефоны: 54-56-57) мекен-жайы бойынша, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.
«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы
Нысан
___________________________
___________________________
___________________________
___________________________
___________________________
___________________________
(мемлекеттік орган)
Өтініш
Мені_____________________________________________________________________________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
_________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Мекен жайы және байланыс телефоны___________________________________
__________________________________________________________________
________ ____________________________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
«___»_______________ 20 __ ж.