Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың Жарлығына сәйкес 2026 жыл Қазақстанда Цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып жарияланды.
Аталған шара мемлекеттік басқаруға, экономикаға және әлеуметтік салаға инновацияларды кеңінен енгізе отырып, елдің технологиялық жаңғыртуының жаңа кезеңін білдіреді.
Осыған байланысты, Мемлекет басшысының мемлекеттік басқаруды цифрландыруды жедел дамыту, заманауи ақпараттық технологиялар мен жасанды интеллект элементтерін енгізу бойынша берілген тапсырмаларын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті «Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау» сервистік бағдарламалық өнімінің (бұдан әрі – СЭҚ СБӨ) функционалдық мүмкіндіктерін кеңейту жұмыстарын жүргізуде.
СЭҚ СБӨ мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мен қадағалау процестерін автоматтандыруға, сондай-ақ эпидемиологиялық маңызы бар бақылаудағы объектілер мен өнімдер бойынша деректерді тиімді басқаруға арналған.
Мақсаты санитариялық-эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру бойынша басқарушылық шешімдерді жедел қабылдау. Санитариялық-эпидемиологиялық қызметтердің бірыңғай ақпараттық деректер қорын қалыптастыру. Санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды мониторингтеу және болжау кезінде еңбек шығындарын қысқарту болып табылады.
СЭҚ СБӨ жүйесінде бақылаудағы объектілердің тізілімі, Комитеттің аумақтық бөлімшелері қызметкерлерінің, өзін-өзі реттеу ұйымдары және бизнес субъектілерінің жеке кабинеттері іске асырылған, онда объект туралы мәліметтер (рұқсат беру құжаттары, персонал және медициналық тексерулер, өндірістік бақылау, айыппұлдар), сондай-ақ бақылаудағы субъектілердің өндірістік бақылау бойынша есептерді ұсыну мүмкіндігі қамтылған.
Қазіргі уақытта СЭҚ СБӨ жүйесінде 110 мыңнан астам пайдаланушы тіркелген, 191 мыңнан астам объект және 107 мыңнан астам бизнес субъектілері бойынша мәліметтер енгізілген.
сілтемесі https://e-sen.kz/ru/login
бақылаудағы субъектілердің пайдалану жөніндегі нұсқаулығы