Қарағанды облысында мәдени саясатты дамытуға бағытталған бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін пайдалану тиімділігінің мемлекеттік аудитінің қ қорытындылары бойынша баспасөз хабарламасы

Қарағанды облысында мәдени саясатты дамытуға бағытталған бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін пайдалану тиімділігінің мемлекеттік аудитінің қ қорытындылары бойынша  баспасөз хабарламасы

Қарағанды облысында мәдени саясатты дамытуға бағытталған бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін пайдалану тиімділігінің мемлекеттік аудитінің қ қорытындылары бойынша

баспасөз хабарламасы

 

2024 жылғы 9 желтоқсанда Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті.

Отырыста Қарағанды облысында мәдени саясатты дамытуға бағытталған бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін пайдалану тиімділігінің мемлекеттік аудитінің қорытындылары шығарылды, және жалпы сомасы 350 459,5 мың теңгеге (қамту сомасының 14,3%) Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасының бұзушылықтары анықталды, оның ішінде:

- бюджетке түсім кезінде - 7 359,2 мың теңге;

- қаржылық бұзушылықтар - 83 734,2 мың теңге;

- тиімсіз жоспарлау - 246 926,1 мың теңге;

- бюджет қаражатының, активтердің тиімсіз пайдаланылуы - 12 440,0 мың теңге.

Сонымен қатар, рәсімдерді орындау тәртібінің 72 бұзылуы және 1 жүйелік кемшілік анықталды.

Бұзушылықтардың жалпы сомасынан бюджетке 7 359,2 мың теңге түсуге, бюджетке 52 601,2 мың теңге өтеуге, 31 133,0 мың теңге қалпына келтіруге жатады.

Аудиторлық іс-шараның қорытындысы бойынша тиісті қорытындылар жасалды, атап айтқанда:

  1. Мемлекеттік кәсіпорындардың даму Жоспарларын сапасыз жоспарлау олардың ресми орындалуына алып келді, бұл ретте стратегиялық жоспарлау құжаттарында көзделген түйінді көрсеткіштер мен нысаналы индикаторлар орындалмай қалды.
  2. Ведомстволық бағынысты кәсіпорындардың жарғыларының Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес келмеуі негізсіз кірістер алуға мүмкіндік берді.
  3. Мемлекеттік кәсіпорындардың есеп саясаты бірнеше жылдар бойы пысықталмаған, сол арқылы бухгалтерлік есеп туралы заңнаманы бұзу үшін жағдайлар жасалған.
  4. 4. Ведомстволық бағынысты ұйымдардың салалық заңнама нормаларын сақтамауы мұражай, мұрағат және кітапхана қорын сақтау мен танымал етуді қамтамасыз ету үшін жауапкершілікті төмендетуге ықпал етті.
  5. Соңғы 3 жылда облыс мұрағаттары мен мұражайларын жеткiлiксiз қаржыландыру, ведомстволық бағынысты ұйымдар арасында қаржыландырудың тиiстi бөлiнуiнiң болмауы байқалады.
  6. Облыстың көптеген архивтары, мұражайлары мен кітапханаларындағы материалдық-техникалық базаның әлсіздігі ұқсас ақпаратты цифрландыруды, цифрлық форматқа өзгертуді енгізуді кідіртеді, осылайша деректерді өңдеу, құжаттарды мұрағаттау және жаңа цифрлық өнімдер мен қызметтер жасау тиімділігі төмендейді.
  7. Ведомстволық бағынысты ұйымдардың қаржылық-экономикалық қызметін бағалау және талдау бухгалтерлік қызмет қызметкерлерінің қаржылық тәртібінің төмендігін көрсетті, бұл бюджет және еңбек заңнамасын, мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы бұзуға әкелді.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органдарға 28 бұзушылық фактісі бойынша мемлекеттік аудит материалдары жолданды.

Аудит қорытындысы бойынша тиісті ұсынымдар мен тапсырмалар жолданды.