Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында мамандар даярлауға бағытталған бюджет қаражатын пайдалану тиімділігінің мемлекеттік аудитінің қорытындысы бойынша
баспасөз хабарламасы
2024 жылғы 09 желтоқсанда Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті.
Отырыста техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында мамандар даярлауға бағытталған бюджет қаражатын пайдалану тиімділігінің мемлекеттік аудитінің қорытындылары шығарылды, жалпы сомасы 6 260 043,7 мың теңгеге Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасының бұзушылықтары анықталды, оның ішінде:
- қаржылық бұзушылықтар - 2 123 663,0 мың теңге,
- тиімсіз жоспарлау-4 955,3 мың теңге,
- бюджет қаражатының, активтердің тиімсіз пайдаланылуы - 4 130 285,1 мың теңге,
- ықтимал шығындар мен алынбаған пайда-1 140,3 мың теңге, рәсімдерді орындау тәртібінің 70 бұзушылығы анықталды.
Мемлекеттік аудит барысында және тексеру комиссиясының отырысына дейін бюджетке – 5 554,4 мың теңге түсті, 84 665,3 мың теңге - өтелді, бухгалтерлік есеп бойынша - 2 024 896,0 мың теңге қалпына келтірілді. Өтелуге қалдық - 8 547,3 мың теңге.
Мемлекеттік аудит нәтижелері жалпы білім беру саласындағы проблемалардың жүйелік сипатын көрсетті, оның ішінде:
- ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметіне уәкілетті органның әлсіз бақылауы;
- жекелеген кәсіпорындардың қаржылық тәртібінің төмен деңгейі;
- педагог қызметкерлердің төмен санаттылығы, сондай-ақ білікті кадрлардың жетіспеушілігі;
- мемлекет қаражаты мен активтерін тиімсіз пайдаланылуы;
- жабдықталмауы және материалдық-техникалық базасының әлсіздігі;
- колледждердің қызметін бейіндеуді сақтамау.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарастыруға уәкілетті органдарға 89 бұзушылық фактісі бойынша мемлекеттік аудит материалдары жолданды.
Аудит қорытындысы бойынша тиісті мәслихаттарға лауазымды тұлғалардың Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық және өзге де актілерінің талаптарын бұзуы мен сақтамауының анықталған фактілері бойынша ұсыныстар жолданды.