Қарағанды облысының автомобиль жолдарын дамытуға бағытталған бюджет қаражатын пайдалану тиімділігінің мемлекеттік аудитінің (жекелеген бюджеттік бағдарламалар бойынша) қорытындылары бойынша

Баспасөз хабарламасы 

2024 жылғы 31 қазанда Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті.

Отырыста Қарағанды облысының автомобиль жолдарының дамуына бөлінген бюджет қаражаттарын пайдаланудың тиміділігіне мемлекеттік аудиті қорытындылары шығарылды (жекелеген бюджеттік бағдарламалар бойынша).

Аудитпен Қазақстан Республикасының бюджет, мемлекеттік сатып алу, бухгалтерлік есеп және құрылыс қызметі саласындағы заңнамаларын жалпы сомасы 11 703 188,5 мың теңгеге бұзушылықтар анықталғанын атап өтеді, оның ішінде: қаржылық бұзушылықтар – 6 934 876,1 мың теңге, бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау – 4 675 882,9 мың теңге, бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану – 67 948,8 мың теңге, бюджеттің тікелей шығындары - 24 480,7 мың теңге, 22 рәсімдік бұзушылықтар және 3 жүйелік кемшіліктер.

Бұзушылықтардың жалпы сомасынан 78 062,3 мың теңге бюджетке өтелуге, 27 075,8 мың теңге - жұмыстарды орындау арқылы және 6 829 738,0 мың теңге бухгалтерлік баланста көрсету арқылы қалпына келтірілуге жатады.

Мемлекеттік аудит барысында және тексеру комиссиясының отырысына дейін 35 837,2 мың теңге бюджетке өтеліп, 25 230,2 мың теңге жұмыстарды орындау жолымен және 2 731 694,2 мың теңге бухгалтерлік есеп бойынша қалпына келтірілді.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органдарға 19 бұзушылық фактісі бойынша мемлекеттік аудит материалдары жіберілді.

Отырыс нәтижелері бойынша қаржылық бақылау шараларымен анықталған бұзушылықтарды жою және бұзушылықтарға жол берген лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін қарау туралы 15 нұсқама жіберілді.

Аудит қорытындысы бойынша тиісті мәслихаттарға лауазымды тұлғалардың Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық және өзге де актілерінің талаптарын бұзуы мен сақтамауының анықталған фактілері бойынша ұсыныстар жіберілді.