Пресс – релиз 2024 жылғы 8 тамызда тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті.

Пресс – релиз 2024 жылғы 8 тамызда тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті.

Пресс – релиз 2024 жылғы 8 тамызда тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті.

Тексеру комиссиясының отырысында агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға бөлінген бюджет қаражатын жоспарлау және пайдалану тиімділігінің мемлекеттік аудитінің қорытындысы шығарылды.

Мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру және инвестициялық салымдарды ұлғайту өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығы салаларын қоса алғанда, өңірдің ауыл шаруашылығының үдемелі дамуын тиісті деңгейде қамтамасыз етпеді, сондай-ақ 2021-2025 жылдарға арналған ҚР агроөнеркәсіптік кешенін дамыту жөніндегі Ұлттық жобада белгіленген міндеттерді тиісінше орындауға ықпал етпеді.

2023 жылы өсімдік шаруашылығының жалпы өнімінің және негізгі ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігінің төмендеуі егіс алқаптары мен субсидиялау көлемдерінің ұлғаюымен бір мезгілде өсімдік шаруашылығын мемлекеттік қолдаудың ағымдағы жүйесінің төмен тиімділігін көрсетеді.

Тұқымдық қайта құрумен қамтылған асыл тұқымды және аналық мал басының үлесі 2020-2023 жылдар кезеңінде 7,2% - дан 5,5% - ға дейін төмендеді, бұл асыл тұқымды мал шаруашылығын субсидиялаудың экономикалық тиімділігінің төмендігін көрсетеді.

Инвестициялық субсидиялауды талдау экономикалық кірістің төмендегенін көрсетті.

Мемлекеттік аудит объектілерін бақылаудың ішкі жүйесін тиісінше ұйымдастыру, қызметкерлердің міндеттерді тиісінше орындамауы, бюджеттік бағдарламалардың көрсеткіштерін қалыптастыруға, бюджет қаражатын жоспарлауға және есептілікті жасауға формальды көзқарас Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасының жалпы сомасы 29 751 506,6 мың теңгеге бұзушылығына алып келді, оның ішінде:

- қаржылық бұзушылықтар - 158 661,6 мың теңге;

- бюджет қаражатын (активтерін) тиімсіз жоспарлау - 6 639 884,0 мың теңге;

- бюджет қаражатын (активтерін) тиімсіз пайдалану - 22 924 993,5 мың теңге;

- ықтимал шығындар мен жіберіп алған пайда - 27 967,5 мың теңге.

Сонымен қатар заңнаманың рәсімдік бұзудың және жүйелік кемшіліктердің 34 фактісі анықталды.

Қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасынан 138 483,6 мың теңге бюджетке өтелуге, 20 178,0 мың теңге қалпына келтіруге жатады. Мемлекеттік аудит барысында және тексеру комиссиясының отырысына дейін бюджетке 16 603,6 мың теңге өтелді, бухгалтерлік есеп бойынша көрсету жолымен - 20 178,0 мың теңге қалпына келтірілді.  Өтелуге жататын қалдығы -121 880,0 мың теңге.

Қаржылық бақылау шараларымен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарастыруға уәкілетті органдарға 23 лауазымды тұлға мен шағын кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты мемлекеттік аудит материалдары жолданды.

«Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ бойынша материалдар құқық қорғау органдарына жолданды.

Қарағанды облысының мәслихатына лауазымды адамдардың  Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық және өзге де актілерінің талаптарын бұзу және сақтамау фактілері бойынша ұсыныстар жолданды.