Қарағанды облысы бойынша Тексеру комиссиясының Әдеп жөніндегі уәкілінің 2024 жылға арналған жұмыс жоспарын іске асыру шеңберінде

Қарағанды облысы бойынша Тексеру комиссиясының Әдеп жөніндегі уәкілінің 2024 жылға арналған жұмыс жоспарын іске асыру шеңберінде

Қарағанды облысы бойынша Тексеру комиссиясының Әдеп жөніндегі уәкілінің 2024 жылға арналған жұмыс жоспарын іске асыру шеңберінде

 

2024 жылғы 20 мамырда Қарағанды облысы бойынша Тексеру комиссиясында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін сақтау мәселелері бойынша семинар-кеңес өткізілді.

Семинар-кеңесте Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы Бактияр Магзумович Макеев іскерлік әдеп пен ресми мінез-құлық қағидаларын сақтау бойынша негізгі нормаларды түсіндіре отырып, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілерді діни бірлестіктердің қызметіне қатысудан, ойын мекемесіне барудан бас тарту, қызметтік бабын пайдалану жөнінде ескертумен сөз сөйледі.

Қарағанды облысы бойынша Тексеру комиссиясының Әдеп жөніндегі уәкілі Бектурова Менсулу Хабиболаевна заңда белгіленген шектеулерді сақтау, мүдделер қақтығысына жол бермеу, мемлекеттік аудиторлардың аудит объектілерімен дұрыс мінез-құлықты сақтау, дөрекілік, қадір-қасиетін қорлау, әдепсіздік фактілеріне жол бермеу қажеттігі туралы, сондай-ақ аудиторлық іс-шараны өткізу және тексеру комиссиясының сенім телефоны туралы мәліметті ақпараттық стендке немесе мемлекеттік аудит объектісі қызметкерлерінің көпшілік назарына қолжетімді жерде міндетті түрде орналастыру туралы хабарлады.

Семинар-кеңес соңында қатысушылар пікір алмасты.