
2024 жылғы 15 мамырда Қарағанды облысы бойынша Тексеру комиссиясымен облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қатысуымен 2023 жылға Қарағанды облысы бойынша жергілікті бюджеттің шоғырландырылған қаржылық есептілігінің мемлекеттік аудитінің қорытындылары бойынша дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шараға тексеру комиссиясының өкілдері, облыстың бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің лауазымды тұлғалары қатысты.
Дөңгелек үстелді Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Айгүл Құтжанова ашып, өз сөзінде мемлекеттік аудиттің қорытындысын шығара отырып, жекелеген әкімшілердің қаржылық есептілігінің шоғырлануы бойынша проблемалық мәселелерді белгілеп, оларға бірқатар тиісті ұсыныстарды ұсынды.
Дөңгелек үстел пікірталас түрінде өтті. ҚР «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Заңы нормаларының сақталуы, қаржылық есептіліктің шоғырлануы мәселелері талқыланды.
Соңында, қатысушылар ең өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.