Пресс – релиз 2024 жылғы 10 мамырда Қарағанды облысы бойынша Тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті.

Пресс – релиз  2024 жылғы 10 мамырда Қарағанды облысы бойынша Тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті.

Пресс – релиз

 

2024 жылғы 10 мамырда Қарағанды облысы бойынша Тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті.

Тексеру комиссиясының отырысында 2023 жылғы Қарағанды облысы бойынша жергілікті бюджеттің шоғырландырылған қаржылық есептілігінің мемлекеттік аудитінің қорытындысы шығарылды.

Бұрмалаулардың жиынтық көлемі берілген мән деңгейінен асып кеткенін назарға ала отырып, 2023 жылғы облыстық бюджеттің шоғырландырылған қаржылық есептілігіне қатысты ескертпесі бар пікір білдірілді.

Облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қаржылық есептілігінің бұрмалануына активтер, міндеттемелер және шығыстар сияқты қаржылық есептіліктің негізгі элементтері бойынша жол берілді.

Аудиторлық іс – шараның қорытындысы бойынша қаржылық есептіліктің бұрмалануларының жалпы сомасы 56 996 653,5 мың теңгені құрады, оның ішінде 54 638 952,7 мың теңгесі қаржылық бұзушылықтар (оның ішінде 73 160,8 мың теңге өтелуге, 54 565 791,9 мың теңге қалпына келтіруге жатады), 2 357 700,8 мың теңгесі рәсімдік бұзушылықтар болып табылады.

Сонымен қатар, бюджет қаражаты мен активтерін пайдалану кезінде жалпы сомасы 26 987,0 мың теңгеге қаржылық бұзушылықтар (оның ішінде өтелуге жататын 24 622,1 мың теңге, қалпына келтіруге жататын – 2 364,9 мың теңге), 325 525,6 мың теңге сомасына бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау және мемлекеттік аудит объектілерінің қызметінде, оның ішінде олардың міндеттері мен функцияларын іске асыруға байланысты заңнаманы рәсімдік бұзудың 11 фактісі анықталды.

Бұзушылықтардың жалпы сомасынан бюджет кірісіне 34 086,7 мың теңге өтелді, қателерді түзету және есепке алынбаған фактілерді бухгалтерлік есеп жүйесінде көрсету жолымен бухгалтерлік есеп бойынша қалпына келтірілгені 54 568 156,8 мың теңгені құрады.

Қазақстан Республикасы заңнамасы нормаларының талаптарынан негізгі ауытқулар, сондай-ақ шоғырландыру кезінде ықпал ететін өзге де қателер ретінде есепте ұзақ мерзімді қаржылық инвестицияларды және бюджет алдында есеп айырысу жөніндегі қаржылық міндеттемелерді мойындамау немесе қате мойындау, негізгі құралдардың, аяқталмаған құрылыстың дұрыс жіктелмеуі, бухгалтерлік есеп регистрлерінде бюджетпен салық және әлеуметтік төлемдер бойынша есеп айырысу жөніндегі операциялардың толық көрсетілмеуі атап өтілді.

Қаржылық бақылау шараларымен 6 жауапты лауазымды тұлғаға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық құрамы бар мемлекеттік аудит материалдары ҚР ӘҚБтК 238-бабы 1-бөлігінің 2) тармақшасында көзделген бұрмалау фактілері бойынша әкімшілік жауаптылықты қарау үшін Қарағанды облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне жолданды.

Қарағанды облысының мәслихатына лауазымды тұлғалардың Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық және өзге де актілерінің талаптарын бұзуы және сақтамауы фактілері бойынша ұсыныстар жіберілді.