2024 жылғы 10 мамырда сағат 11.00-де Қарағанды қаласы, Н. Назарбаев даңғылы, 39 (мәжіліс залы, 3 қабат) мекенжайы бойынша 2023 жылғы Қарағанды облысы бойынша жергілікті бюджеттің шоғырландырылған қаржылық есептілігінің мемлекеттік аудиті қорытындылары бойынша Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысы өтеді.