
Баспасөз хабарламасы
Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясы 2024 жылғы 12 сәуірде тексеру комиссиясы, дене шынықтыру және спорт басқармасы, олимпиадалық резервтің балалар-жасөспірімдер спорт мектептері өкілдерінің қатысуымен, «Қарағанды облысының жекелеген спорт объектілерінде бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін пайдаланудың тиімділігі» атты тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел барысында, Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Менсұлу Бектұрова, облыстың 8 спорт мектебінде жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша сөз сөйледі.
Анықталған қаржылық бұзушылықтары, спорт мектептерінің құрылтай құжаттарының нормативтік құқықтық актілерге сәйкес келмеуі, спорт мектептерін қаржыландырудың жеткіліксіздігі, материалдық-техникалық базаның әлсіздігі мәселелері талқыланды.
Соңында қатысушылар өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, орын алған мәселелер және оларды шешу жолдарын талқылады. Анықталған бұзушылықтарды жою бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы басқарма және спорт мектептерінің өкілдері сөз сөйледі.