
Баспасөз хабарламасы
2024 жылғы 11 сәуірде Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясымен «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті» РММ-сінде департамент және аумақтық мемлекеттік кірістер басқармасы қызметкерлерінің қатысуымен, салықтық әкімшілендіру тиімділігінің мемлекеттік аудитінің қорытындысы бойынша, дөңгелек үстел – отырысы өткізілді (бейнеконференция арқылы).
Дөңгелек үстел барысында қатысушылар мемлекеттік аудит нәтижелерін, жергілікті бюджеттердің кіріс бөлігіннің қалыптасуын (салық түсімдері) және мемлекеттік кірістер органдарының жергілікті уәкілетті органдармен өзара әрекеттестігі, сондай-ақ, Қарағанды облысының жергілікті бюджеттеріне есептелуге жататын салықтарды әкімшілендіру мәселелері де талқыланды.
Облыстың мемлекеттік кірістер органдарының ерекше назарына, салықтық әкімшілендіру мен салық салу объектілерінің салық есебіне мәселені дер кезінде анықтауға бағытталған жұмысты жақсарту, салық төлемдерінің толықтығы мен уақтылылығын есепке алу мен бақылау тетігін жетілдіру, салық төлеуден жалтарған адамдар мен ұйымдарға әкімшілік шаралар жүйесін қолдануы талап етіледі.
Жергілікті бюджеттердің кіріс бөлігінің өсуі, олардың салықтық әлеуетін нығайтуы, бюджетке түсетін түсімдердің ішкі резервтерін, оның ішінде бақылаудың тиімділігін арттыру есебінен іздестіруі - бұл салық органдары мен мемлекеттік аудит органдарының бірлескен күш-жігерімен шешілуі тиіс міндет екені атап өтілді.