Баспасөз хабарламасы
2024 жылғы 11 сәуірінде Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті.
Отырыста салықтық әкімшілендіру тиімділігінің мемлекеттік аудитінің қорытындысы шығарылды, оның шеңберінде облыстың мемлекеттік кірістер органдарының 2023 жылғы салықтық түсімдер жоспарларын қалыптастыру және орындау, берешекті төмендету және жергілікті бюджеттердің салықтық әлеуетін ұлғайту жөніндегі қызметі бағаланды.
Аудитпен жалпы сомасы 579 113,9 мың теңге болатын Қазақстан Республикасының салық заңнамасының қаржылық бұзушылықтары және рәсімдерді орындау тәртібінде 5 бұзушылық анықталды
Бұзушылықтардың жалпы сомасынан бюджетке 579 113,9 мың теңге өтелуге, оның мемлекеттік аудит барысында және тексеру комиссиясының отырысына дейін 535 359,2 мың теңге өтелді.
Отырыс нәтижелері бойынша қаржылық бақылау шараларымен "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесіне анықталған бұзушылықтарды жою және бұзушылықтарға жол берген лауазымды адамдардың жауапкершілігін қарау туралы 1 нұсқама жіберілді.
Аудит қорытындысы бойынша Қарағанды облысының мәслихатына лауазымды тұлғалардың Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық және өзге де актілерінің талаптарын бұзуы мен сақтамауының анықталған фактілері бойынша ұсыныстар жіберілді.