
Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясында Наурыз мерекесіне арналған салтанатты жиын өтті
Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясында Наурыз мерекесіне арналған салтанатты жиын өтті.
Тексеру комиссиясы аппаратының қызметкерлерін Тексеру комиссиясының төрағасы Дана Мұхамеджанова құттықтап, адамдардың өміріне рухани жаңару, қуаныш, жылы сезім әкелетін мерекенің көркемдігін атап өтті.
Тексеру комиссиясының қызметкерлеріне отбасына амандық, бақ-береке, зор денсаулық және барлық істер мен бастамаларға сәттілік тіледі.
Жиын қорытындысы бойынша Тексеру комиссиясы аппаратының қызметкерлері арасында «Қазақтың әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын үздік таныту», «Ерлер арасындағы үздік ұлттық киім» және «Әйелдер арасындағы үздік ұлттық киім» номинациялары бойынша конкурстардың қорытындысы шығарылды.