Баспасөз хабарламасы 2024 жылғы 14 наурызда Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті.

Баспасөз хабарламасы   2024 жылғы 14 наурызда Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті.

 

Баспасөз хабарламасы 2024 жылғы 14 наурызда Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті.

Отырыста Қарағанды облысының жекелеген спорт объектілерінде (олимпиадалық резервтің 8 спорт мектебі бойынша) бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігінің мемлекеттік аудитінің қорытындылары шығарылды.

Аудитпен жалпы сомасы 704 760,9 мың теңгеге Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасының бұзушылықтары: қаржылық бұзушылықтары - 114 833,8 мың теңге, оның ішінде бюджетке түсетін түсімдер бойынша - 61,1 мың теңге; бюджет қаражатын (активтерін) тиімсіз пайдалануы - 529 378,3 мың теңге; бюджет қаражатын (активтерін) тиімсіз жоспарлауы - 55 087,2 мың теңге; шығындар мен жоғалған пайдалары - 5 461,6 мың теңге және рәсімдерді орындау тәртібінің 66 бұзушылығы анықталды.

Бұзушылықтардың жалпы сомасынан бюджетке – 114 198,7 мың теңге өтелуге, бюджетке түсуге – 61,1 мың теңге, есепке алу бойынша қалпына келтіруге – 574,0 мың теңге жатады.

Мемлекеттік аудит барысында және тексеру комиссиясының отырысына дейін бюджетке - 61,1 мың теңге түсті, 15 869,4 мың теңге өтелді, 574,0 мың теңге – қалпына келтірілді. Өтеуге қалдығы 98 329,3 мың теңге.

Қаржылық бақылау шараларымен 17 бұзушылық фактісі бойынша мемлекеттік аудит материалдары әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органдарға жолданды.

Отырыс қорытындысы бойынша «Теміртау қаласының мамандандырылған олимпиадалық резервтегі балалар мен жасөспірімдер мектебі» КМҚК-на облыстық бюджет кірісіне 98 329,3 мың теңге сомасын өтеу және бұзушылыққа жол берген лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін қарау туралы нұсқама жолданды.

Қарағанды облыстық мәслихатына анықталған бұзушылықтар және лауазымды адамдардың Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық және өзге де актілерінің талаптарын сақтамау фактілері бойынша ұсыныс жолданды.