
Баспасөз хабарламасы
Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясы 2024 жылғы 7 ақпанда Қарағанды облысы бойынша білім басқармасының, Қарағанды қаласы білім бөлімінің, Қарағанды облысы білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшыларының, Қарағанды облыстық мәслихатының депутатының, Қарағанды қаласы полиция басқармасы бастығының орынбасарының, Қарағанды қаласының мектеп директорлары мен бас бухгалтерлерінің қатысуымен, Қарағанды облысының Қарағанды қаласында жалпы білім беруге бөлінген бюджет қаражатын пайдалану тиімділігінің мемлекеттік аудитінің нәтижелері бойынша «Қарағанды қаласының жалпы білім беру ұйымдарындағы қаржылық тәртіп және материалдық-техникалық қамтамасыз ету туралы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Оқушылардың білім сапасын төмендету, мектептерді материалдық - техникалық жарақтандыру мәселелері талқыланды; білім беру объектілерін терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру (бейнебақылау камералары, өткізу жүйесі), кадр құрамының (бухгалтердің) тапшылығы; қаржылық бұзушылықтар және қаржылық тәртіп мәселелері қаралды.