
Баспасөз хабарламасы
Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясы 2023 жылғы 27 желтоқсанда Абай ауданы әкімінің орынбасарының, аудандық мәслихат депутатының, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің, ауыл әкімдерінің, бухгалтерлердің қатысуымен «Абай ауданының экономикасының, әлеуметтік және басқа да мемлекеттік басқару салаларының дамуына жергілікті атқарушы органдар қызметінің әсерінің мемлекеттік аудиті; «Ауыл-ел бесігі» жобасын іске асыруға бөлінген бюджет қаражатын пайдаланудың мемлекеттік аудитінің нәтижелері бойынша кеңес-дөңгелек үстел өткізілді.
Өңірді дамыту, бағдарламалық құжаттардың іс-шараларын іске асыру, аудандық бюджетті және жергілікті өзін-өзі басқару бюджеттерін қалыптастыру және атқару мәселелері талқыланды; қаржы тәртібін нығайту мәселелері қаралды;