Баспасөз хабарламасы  2023 жылғы 25 желтоқсанда Қарағанды облысы бойынша Тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті.

Баспасөз хабарламасы   2023 жылғы 25 желтоқсанда Қарағанды облысы бойынша Тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті.

Баспасөз хабарламасы 

2023 жылғы 25 желтоқсанда Қарағанды облысы бойынша Тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті.

Отырыста азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік қызметтер көрсету тиімділігінің мемлекеттік аудитінің қорытындысы шығарылды (8 нысан бойынша: 5 Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы, 2 оңалту орталығы және 1 кандастарды бейімдеу және ықпалдастыру орталығы).

Аудитпен жалпы сомасы 245 790,2 мың теңге бюджеттік және өзге де заңнаманы бұзушылықтары, оның ішінде қаржылық бұзушылықтары - 44 191,7 мың теңгеге, бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлауы - 108 991,8 мың теңгеге, бюджет қаражатын тиімсіз пайдалануы - 92 569,3 мың теңгеге, ықтимал шығындар мен жіберіп алған пайдалары - 37,4 мың теңгеге және орындау тәртібінің 45 тәртіп бұзушылық фактілері анықталды.

Бұзушылықтардың жалпы сомасының 6 533,7 мың теңгесі бюджетке өтелуге, 37 658,0 мың теңгесі қалпына келтірілуге жатады. Мемлекеттік аудит барысында және тексеру комиссиясының отырысына дейін бұзушылықтардың сомасы өтелді және толық көлемде қалпына келтірілді.

Қаржылық бақылау шараларымен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органдарға 19 бұзушылық фактісі бойынша мемлекеттік аудит материалдары жіберілді.

Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына отырыс қорытындысы бойынша аудит материалдарын қарау және бұзушылыққа жол берген лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі туралы нұсқама жіберілді.

Қарағанды облыстық мәслихатына анықталған бұзушылықтар және лауазымды адамдардың Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық және өзге де актілерінің талаптарын сақтамау фактілері бойынша ұсыныс жолданды.