
Баспасөз хабарламасы
2023 жылғы 25 желтоқсанда Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті.
Отырыста Абай ауданының 15 мемлекеттік мекемесі мен 2 коммуналдық кәсіпорнында өткізілген Абай ауданының экономикасының, әлеуметтік және басқа да мемлекеттік басқару салаларының дамуына жергілікті атқарушы органдар қызметінің әсерінің; «Ауыл-Ел бесігі» жобасын іске асыруға бөлінген бюджет қаражатын пайдаланудың мемлекеттік аудитінің қорытындылары шығарылды.
Қоғамдық кеңестер мен жергілікті қоғамдастықтардың мүшелері ретінде азаматтардың жергілікті маңызы бар аса маңызды мәселелерді шешуге қатысуын қамтитын өңірде қалыптасқан басқару және өзін-өзі басқару жүйесі әлеуметтік-экономикалық дамудың, аудан бюджетін қалыптастыру мен орындаудың ұзақ мерзімді міндеттерін айқындау және шешу, сондай-ақ ауылдық елді мекендердің мәселелерін қоса алғанда, ағымдағы проблемаларды жедел анықтау және реттеу үшін жағдайлар жасауға мүмкіндік берді.
Аудан бюджетінің параметрлері: 2020 жылы - кірістер бойынша жоспарға 100,9%, шығындар бойынша 95,8%; 2021 жылы - кірістер бойынша жоспарға 105,7%, шығындар бойынша 94,0%; 2022 жылы - кірістер бойынша жоспарға 100,9%, шығындар бойынша 98,4% орындалды
Бұл ретте, аудандық бюджетке және жергілікті өзін-өзі басқару бюджетіне бірқатар салық түсімдерін тиімді бөлуді/есепке алуды қамтамасыз ету бойынша іске асырылатын функциялар шеңберінде өңірдің уәкілетті органдары қабылдайтын шаралар талап етілетін нәтижені қамтамасыз етпеді.
2020-2022 жылдары 1 389,4 млн. теңге игерілмеді, оның негізгі себептері - жұмыс кестесінен артта қалу, оның ішінде мердігерлердің міндеттемелерді орындауын бюджеттік бағдарламалар әкімшілері тарапынан тиісті бақылаудың болмауына және бюджеттік бағдарламаларды тиісінше басқармауына байланысты.
Коммуналдық меншікті басқару жөніндегі жұмыс оның объектілерін мүліктік жалдауға беру кезінде есептеулердің дұрыстығы мен негізділігі, сенімгерлік басқару шарттарының орындалуын бақылау бөлігінде ретке келтіруді талап етеді
Өңірде «Ауыл-Ел бесігі» жобасын іске асыру, оның іс-шараларын орындауға жалпы кластерлік тәсілмен жоба шеңберінде оларды дамытуға бірыңғай кешенді тәсілді қалыптастырмай, жобаға енгізілген әрбір ауылдық елді мекеннің жекелеген мәселелерін шешуге ғана бағытталған.
Аудит барысында – бюджетке түскен кезде, бюджет қаражатын жоспарлау және пайдалану кезінде бұзушылықтар анықтады. Анықталған бұзушылықтардың себептері: өңірдің мемлекеттік мекемелерінің басшылары тарапынан олардың қызметін ішкі бақылаудың жеткіліксіздігі, жауапкершіліктің төмендігі, ведомстволық бағынысты кәсіпорындардың қызметін қажетті басқару мен бақылаудың болмауы, сондай-ақ аудит объектілері мамандарының Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуінің жеткіліксіз деңгейі болды.
Отырыс нәтижелері бойынша аудит объектілеріне анықталған бұзушылықтарды жою және бұзушылықтарға жол берген лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін қарау туралы 5 нұсқама жолданды; Абай аудандық мәслихатына лауазымды тұлғалардың Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық және өзге де актілерінің талаптарын сақтамауы және бұзушылықтардың анықталған фактілері бойынша ұсыныстары жолданды.