
Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясының аппаратында Тәуелсіздік күнін мерекелеуге арналған салтанатты жиын өтті.
Тексеру комиссиясының басшылығы аппарат қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесінің еліміздің барша халқы үшін маңыздылығын айта отырып, жылы лебіздері мен құттықтауларын білдірді.
Сондай-ақ, Ата Заң – ұлт бірлігін, адамның ар-намысы мен қадір-қасиетінің мызғымастығын, кемсітушіліктің кез келген түріне тыйым салатын қуатты тұғырлы фактор қызметін атқаратын Тәуелсіздігіміздің сенімді кепілі екені айтылды. Әрбір әрпі Тәуелсіздік рухымен сусындаған Ата Заңымызды құрметтеу – халқымыздың патриотизмінің түп қазығында жатыр.
Еңбектегі ерекше табыстары, қызметтік міндеттерін үлгілі атқарғаны, мінсіз мемлекеттік қызметі және Тексеру комиссиясы қызметінің нәтижелеріне қосқан үлесі үшін бірқатар қызметкерлер Құрмет грамоталарымен марапатталды.