Пресс – релиз 2023 жылғы 30 қарашада тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті.
Тексеру комиссиясының отырысында 2022 жылғы Ақтоғай ауданы бойынша жергілікті бюджеттің шоғырландырылған қаржылық есептілігінің мемлекеттік аудитінің қорытындысы шығарылды.
2022 жылғы Ақтоғай ауданының жергілікті бюджетінің шоғырландырылған қаржылық есептілігіне қатысты бұрмалаулардың жиынтық көлемі белгіленген мән деңгейінен асып кеткенін назарға ала отырып - ескертпесі бар пікір білдірілді.
ББӘ (бюджеттік бағдарлама әкімшіліктері) қаржылық есептілігінің бұрмалануына қаржылық есептіліктің негізгі элементтері бойынша жол берілді:
Осылайша, қаржылық есептіліктің белгіленген бұрмалануының жалпы сомасы 3 575 360,7 мың теңгені құрады, оның ішінде қаржылық бұзушылықтар - 2 585 937,3 мың теңге, рәсімдік бұзушылықтар – 989 423,4 мың теңге.
Аудит барысында 2 503 037,8 мың теңге немесе қалпына келтіруге жататын соманың 100% бухгалтерлік есеп тіркелімдеріне түзетулер мен жазбаларды көрсету жолымен қалпына келтірілді. Қаржылық бұзушылықтар болып табылатын бұрмаланулар сомасы жергілікті бюджет кірісіне өтелді - 3 130,1 мың теңге.
Бюджет қаражаты мен активтерін пайдалану кезіндегі қаржылық бұзушылықтар көлемінің жалпы сомасы 5 388,1 мың теңгені құрады, оның ішінде 4 038,2 мың теңге өтелуге, 1 349,9 мың теңге қалпына келтіруге жатады.
Аудит барысында оларды 100% жою қамтамасыз етілді.
Қазақстан Республикасы заңнамасы нормаларының талаптарынан негізгі ауытқулар, сондай-ақ шоғырландыру кезінде ықпал ететін өзге де қателер ретінде есепте ұзақ мерзімді қаржылық инвестицияларды және бюджетпен есеп айырысу жөніндегі қаржылық міндеттемелерді мойындамау, негізгі құралдардың дұрыс жіктелмеуі, бухгалтерлік есеп регистрлерінде бюджетпен есеп айырысу жөніндегі операциялардың толық көрсетілмеуі атап өтілді.
Мемлекеттік аудит объектілерінің 5 лауазымды адамына қатысты қаржылық бақылау шараларымен тиісті аудиторлық дәлелдемелері бар материалдар ҚР ӘҚБтК 238-бабы 1-бөлігінің 2) тармақшасында көзделген бұрмалау фактілері бойынша әкімшілік жауаптылықты қарау үшін Қарағанды облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне берілді.