Баспасөз хабарламасы 2023 жылғы 14 қарашада Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті.

Баспасөз хабарламасы 2023 жылғы 14 қарашада Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті.

Баспасөз хабарламасы 2023 жылғы 14 қарашада Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті.

Отырыста автомобиль жолдарын салуға бөлінген бюджет қаражатын пайдаланудың мемлекеттік аудиті қорытындылары шығарылды (022 «Көлік инфрақұрылымын дамыту» бюджеттік бағдарламасы шеңберінде Балқаш, Қарағанды және Теміртау қалаларында).

Аудитпен Қазақстан Республикасының бюджет, мемлекеттік сатып алу және құрылыс қызметі саласындағы заңнамаларын жалпы сомасы 349 502,0 мың теңгеге бұзушылықтар анықталғанын атап өтті, оның ішінде қаржылық бұзушылықтар – 348 079,1 мың теңге, бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау –   1 422,9 мың теңге және рәсімдерді орындау тәртібінде 19 бұзушылық.

Бұзушылықтардың жалпы сомасынан бюджетке 21 310,7 мың теңге өтелуге, 326 768,4 мың теңге жұмыстар жасау арқылы қалпына келтірілуге жатады, оның мемлекеттік аудит барысында және тексеру комиссиясының отырысына дейін 21 310,7 мың теңге өтелді.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органдарға 7 бұзушылық фактісі бойынша мемлекеттік аудит материалдары жіберілді.

Отырыс нәтижелері бойынша қаржылық бақылау шараларымен анықталған бұзушылықтарды жою және бұзушылықтарға жол берген лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін қарау туралы 2 нұсқама жіберілді:

- «Қарағанды қаласының коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне;

- «Балқаш қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне.

Аудит қорытындысы бойынша тиісті аумақтық мәслихаттарға лауазымды тұлғалардың Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық және өзге де актілерінің талаптарын бұзуы мен сақтамауының анықталған фактілері бойынша ұсыныстар жіберілді.