
Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясының аппаратында Республика күні – ұлттық мерекесіне арналған салтанатты жиын өтті.
Аппарат қызметкерлерін тексеру комиссиясының төрағасы Дана Мұхамеджанова құттықтап, мерекенің барша қазақстандықтар үшін маңызды тарихи мәніне тоқталды.
Дана Мұхамеджанова Қазақстан Тәуелсіздігінің алғашқы қадамы жас елдің саяси-құқықтық негіздерін айқындайтын мемлекеттік егемендік туралы Декларацияның қабылдануы екенін атап өтті. Бұл мереке Қазақстан халқының бірлігі мен ынтымақтастығының символына айналды.
Бүгінде Қазақстан Республикасы - мықты, қарқынды дамып келе жатқан және гүлденген мемлекет, оның негізінде демократия, әділдік, нарықтық экономика және әлеуметтік жауапкершілік қағидаттары салынған. Республикада қысқа мерзімде, оның ішінде мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылау саласында өмірлік маңызды экономикалық және саяси реформалар жүргізілді.
Сондай-ақ, тексеру комиссиясының мүшелері Валентина Александрова, Айдос Садықов және аппарат басшысы Заур Мұрсәлімов сөз сөйлеп, аппарат қызметкерлеріне жылы лебіздерін білдірді.
Жұмыстағы ерекше жетістіктері, лауазымдық міндеттерін үлгілі орындағаны, мінсіз мемлекеттік қызметі, қызмет нәтижелеріне қосқан үлесі және тексеру комиссиясының имиджін арттырғаны үшін бірқатар қызметкерлер марапаттарға ие болды, сондай-ақ алғыс хаттармен марапатталды.