Дөңгелек үстелді өткізу туралы баспасөз релизі

Дөңгелек үстелді өткізу туралы баспасөз релизі

Дөңгелек үстелді өткізу туралы баспасөз релизі 

2023 жылғы 10 тамызда Қарағанды облысы бойынша Тексеру комиссиясымен Саран қаласының жергілікті атқарушы органы өкілдерінің, депутаттардың, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің, бухгалтерлердің қатысуымен «Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасының кейбір мәселелері туралы» тақырыбында дөңгелек үстелі өткізілді.

Дөңгелек үстел барысында мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізу саласындағы заңнама талаптарының бұзушылығы, бюджеттік қаражаттардың жұмсалуы және тиімсіз жоспарлауы бөлігінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексіне енгізілген өзгертулері талқыланды.

Сондай-ақ, дөңгелек үстелдің қатысушылары пайдаланылмаған демалыстар бойынша резервті қалыптастырудың, еңбек заңнамасының, мемлекеттік мүлікті басқарудың құқықтық мәселелері бойынша пікір алмасып, Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасын қолдану кезінде мемлекеттік мекемелерде жиі кездесетін жүйелі бұзушылықтары қаралды.

Іс-шараның соңында қатысушыларға Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасының талаптарын орындау мәселелері бойынша түсініктемелері мен ұсынымдары берілді.