
Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасын тағайындау туралы
Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасын тағайындау туралы Қарағанды облыстық мәслихатының 2023 жылғы 27 шілдедегі кезектен тыс V сессиясының шешімімен Қазақстан Республикасының жоғарғы аудиторлық палатасының ұсынысы негізінде, Қазақстан Республикасы Президентінің әкімшілігімен келісе отырып, Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы лауазымына Дана Борашевна Мұхамеджанова тағайындалды.
Жаңадан тағайындалған төрағаны тексеру комиссиясының ұжымына Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының мүшесі Рустем Еслямбекұлы Нұрпейісов таныстырып, табысты және жемісті жұмыс тіледі, сондай-ақ жақын арада басым міндеттерді белгіледі.
1977 жылы 26 ақпанда Қарағанды қаласында туылған.
1997 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін қаржы және несие мамандығы бойынша бітірген.
Мемлекеттік аудитор, жоғары санатты мемлекеттік аудитор сертификаттары, CIPFA халықаралық сертификаты бар.
Еңбек жолын 1992 жылы «Сүт» Есіл АҚ бухгалтерінің оқушысы ретінде бастаған.
1997 жылғы мамыр мен 1998 жылғы шілде аралығында Қарағанды қаласының Киров ауданы бойынша Салық бөлімінің салық инспекторы, аға салық инспекторы болып жұмыс істеді.
1998 жылғы шілде мен 2004 жылғы маусым аралығында – Қарағанды қаласының Октябрь ауданы бойынша Салық комитетінің салық инспекторы, жетекші салық инспекторы, аға салық инспекторы, бас салық инспекторы.
2004 жылғы маусым мен 2007 жылғы наурыз аралығында – Қарағанды қаласы бойынша Салық комитетінің бас инспекторы.
2007 жылғы наурыздан 2011 жылғы желтоқсанға дейін-бас бухгалтер, жеке сектордағы қаржы директоры.
2012 жылғы қаңтар мен 2019 жылғы сәуір аралығында Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясының бас маманы – бас бақылаушы-тексеруші, бас маман - мемлекеттік аудиторы, бас инспектор - мемлекеттік аудитор болып жұмыс істеді.
2019 жылғы сәуірде Республикалық бюждетінің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне нұсқамалардың және тапсырмалардың орындалуын бақылау жөніндегі бас сарапшы-мемлекеттік аудиторы лауазымына жұмысқа қабылданды.
2019 жылғы тамыздан 2023 жылғы шілдеге дейін мемлекеттік басқару және әлеуметтік саланың аудит бөлімінің, экономиканың нақты секторының аудит бөлімінің бас консультанты-мемлекеттік аудиторы, республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті аппаратының, Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасы аппаратының экономиканың нақты секторы аудиті департаментінің Индустриялық даму секторының меңгерушісі мемлекеттік аудиторы лауазымдарын атқарды.