Баспасөз хабарламасы 2023 жылғы 27 шілдеде тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті.

 Баспасөз хабарламасы 2023 жылғы 27 шілдеде тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті.

 Баспасөз хабарламасы 2023 жылғы 27 шілдеде тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті.

Тексеру комиссиясының отырысында салықтық әкімшілендірудің тиімділігіне мемлекеттік аудиттің қорытындылары шығарылды.

Аудитке «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің Абай ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» РММ, «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің Ақтоғай ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» РММ, «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің Бухар-Жырау ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» РММ, «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің Саран қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» РММ, «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің Теміртау қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» РММ, «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің Шахтинск қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» РММ ұшырады:

* 101111 (ірі кәсіпкерлік субъектілерінен және мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, заңды тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс салығы);

* 101201 (төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы);

* 101202 (төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы);

* 103101 (әлеуметтік салық);

* 104101 (заңды тұлғалардың және жеке кәсіпкерлердің мүлкіне салынатын салық);

* 1053015 (Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлем);

* 105316 (қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы).

Салықтық әкімшілендірудің тиімділігіне, мемлекеттік аудит қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу жалпы сомасы 226 375,8 мың теңгеге, оның ішінде түсуге жататыны 226 375,8 мың теңге, сондай-ақ 8 рәсімдік бұзушылық анықталғаны атап өтілді.

Аудиторлық іс-шара барысында және тексеру комиссиясының отырысына дейін 50 016,8 мың теңге (22,1%) түсті, түсімге қалдық 176 359,0 мың теңге.

Мемлекеттік мекемелердің атына қаржылық бақылау шараларымен нұсқамалары жіберілді.