Баспасөз релизі 2023 жылғы 27 шілдеде Тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті.

Баспасөз релизі  2023 жылғы 27 шілдеде Тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті.

Баспасөз релизі 2023 жылғы 27 шілдеде Тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті.

Отырыста Қарағанды облысының балаларына қосымша білім беруге бөлінген бюджет қаражатын пайдаланудың мемлекеттік мемлекеттік аудитінің қорытындылары шығарылды.

Тексерілетін кезеңде Қарағанды облысы бойынша балаларды қосымша біліммен қамтудың өсуі байқалады, объектілерді бюджеттік қаржыландыру көлемі өсті, тегін қосымша білім беру қызметтерінің қолжетімділігі артты.

Сонымен қатар, орын алған проблемалық мәселелері (қосымша білім беру педагогтерінің, оның ішінде кәсіптік (бейіндік білім беру) педагогтерінің тапшылығы; материалдық-техникалық базаның тозуы, мамандандырылған үй-жайлардың жеткіліксіздігі) қосымша білім беру объектілерінің одан әрі дамуын тежейді.

Қосымша білім беруге бөлінген бюджет қаражатын пайдалану кезінде бұзушылықтар мен кемшіліктердің болуы жалпы сомасы 116 792,5 мың теңгеге Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасын бұзуға әкелді. Оның ішінде:

- бюджетке түскен кезде - 3 091,7 мың теңге;

- бюджет қаражаты мен активтерін пайдалану кезінде-96 962,5 мың теңге;

- тиімсіз жоспарлауы - 7 999,6 мың теңге;

- тиімсіз пайдалануы - 8 738,7 мың теңге;

- 51 рәсімдерді орындау тәртібінің бұзушылығы.

Мемлекеттік аудит барысында және тексеру комиссиясының отырысына дейін бюджетке түсімдері қамтамасыз етілді – 3 091,7 мың теңге, бюджетке өтелді – 10 626,8 мың теңге, қалпына келтірілді – 74 805,7 мың теңге.

Бюджетке өтеуге қалдығы – 11 520,3 мың теңге, қалпына келтіруге қалдығы – 9,7 мың теңге.

Коммуналдық кәсіпорындар мен мекемелерге қаржылық бақылау шараларымен нұсқамалары жіберілді.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органдарға 10 бұзушылық фактісі бойынша мемлекеттік аудит материалдары жіберілді.