Баспасөз релизі 2023 жылғы 27 шілдеде тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті.

Баспасөз релизі 2023 жылғы 27 шілдеде тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті.

Баспасөз релизі 2023 жылғы 27 шілдеде тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті.

Жергілікті атқарушы органдар қызметінің 2020-2022 жылдарға Саран қаласының экономикасын, әлеуметтік және басқа да мемлекеттік басқару салаларын дамытуға әсер етуінің мемлекеттік аудитінің қорытындылары отырыста шығарылды.

Саран қаласының жергілікті атқарушы органдары мен қала және кент әкімдері аппараттарының талданатын кезеңде мемлекеттік бағдарламаларды дамыту бағдарламасын (жоспарын) және іс-шараларын іске асыруы, қалалық бюджет пен ЖӘМ бюджеті түсімдерінің өсуі өңірдің экономикалық дамуына ықпал етті.

Сонымен қоса, орын алған проблемалық мәселелері – кәріз және су құбыры желілерінің жоғары тозуы, жылумен жабдықтау сапасының төмендігі, қатты-тұрмыстық қалдықтарды сұрыптаудың және қайта өңдеудің болмауы, электр желілерінің тозуы өңірдің дамуын тежейді.

Жылдан жылға жүйелі түрде қайталанатын бұзушылықтардың болуы, бюджет қаражатын жоспарлау және пайдалану кезінде бюджеттік бағдарламалардың жекелеген әкімшілері тарапынан тиісті мониторинг пен бақылаудың болмауы, сондай-ақ бухгалтерлік есепті жүргізуі Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасының жалпы сомасы 1 228 264,7 мың теңгеге (қамту сомасының 7,1%-ы) бұзылуына әкелді. Оның ішінде:

- бюджетке түскен кезде – 18 127,0 мың теңге;

- бюджеттің тікелей шығындары – 24,6 мың теңге;

- қаржылық бұзушылықтар – 629 497,2 мың теңге;

- тиімсіз жоспарлау – 507 940,0 мың теңге;

- бюджет қаражатын, активтерді тиімсіз пайдалану – 72 675,5 мың теңге;

- рәсімдерді орындау тәртібінің 105 бұзушылығы.

Қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасынан бюджетке 18 127,4 мың теңге түсуге, бюджетке 89 101,9 мың теңге өтеуге, 540 395,3 мың теңге қалпына келтіруге жатады.

Бюджетке түсуге жататын қалдығы – 4 692,3 мың теңге, өтеуге қалдығы – 31 791,4 мың теңге, қалпына келтіруге қалдығы – 488 435,0 мың теңге.

Мемлекеттік мекемелердің атына қаржылық бақылау шараларымен нұсқамалары жіберілді.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органдарға 39 бұзушылық фактісі бойынша мемлекеттік аудит материалдары жіберілді. "Саран қаласының спорт орталығы" КММ бойынша материалдар құқық қорғау органдарына жолданды.