Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшелері 2022 жылға арналған жергілікті бюджеттердің орындалуы туралы есептерін мәлихаттардың тұрақты комиссиялары және сессиялары отырыстарында қаралуға ұсынды
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» заңының 51 бабын іске асыру шеңберінде Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясымен 2022 жылға арналған жергілікті бюджеттердің орындалуы туралы есептері облыстың қалалық және аудандық мәслихаттарына қаралуға дайындалды және жолданды.
Тиісінше мәлихаттардың тұрақты комиссиялары және сессиялары отырыстарында бюджеттердің орындалуы туралы жылдық есептері ұсынылды және қарастырылды:
Шахтинск қаласы, Абай, Осакаров аудандары – тексеру комиссиясының мүшесі Александрова Валентина Федоровна;
Саран, Теміртау қалалары, Қарқаралы ауданы – тексеру комиссиясының мүшесі Құтжанова Айгүл Есентайқызы; Қарағанды, Балқаш қалалары, Нұра ауданы – тексеру комиссиясының мүшесі Садықов Айдос Қабдуахитұлы;
Приозерск қаласы, Ақтоғай, Бұқар жырау, Шет аудандары – тексеру комиссиясының мүшесі Таханов Аян Борисович.
Бюджеттердің орындалуы туралы қорытындылардың (есептердің) презентациясы шеңберінде тексеру комиссиясының мүшелерімен түсімдер мен шығыстар бойынша олардың параметрлерінің орындалуын, бағдарламалық құжаттарды іске асыруды, жекелеген бағыттар бойынша, оның ішінде бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асырудың тиімділігі, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджет қаражатын, мемлекет активтерін, квазимемлекеттік сектор субъектілері активтерін пайдалануы бойынша нәтижелерге қол жеткізуді бағалай отырып, жергілікті бюджеттерді іске асырудың негізгі нәтижелері, сондай-ақ бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджет қаражатын пайдалануы бойынша жергілікті бюджеттердің қаржылық тұрақтылығын арттыруы, тиімсіз шығыстарды азайтуы, бюджет шығындарының тәуекелдерін азайтуы, бюджеттік ақшаның басқару сапасын жақсартуы және қаржылық тәртіпті арттыруы айтылды.