Баспасөз хабарламасы 2023 жылғы 2 мамырда Тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті.

Баспасөз хабарламасы 2023 жылғы 2 мамырда Тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті.

Баспасөз хабарламасы

2023 жылғы 2 мамырда Тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті.

Отырыста Қарағанды облысының 2022 жылғы Даму жоспарын іске асырудың; облыстық бюджетті жоспарлау мен атқарудың, жекелеген бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджет қаражатын пайдаланудың мемлекеттік аудиті және талдау қорытындылары шығарылды.

Отырыста геосаяси жағдайы, осыған байланысты логистикалық байланыстардың бұзылуы, сондай-ақ коронавирусты таратпау жөніндегі шектеулердің салдары өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына теріс әсер ететін факторларға айналғаны атап өтілді.

Жоспардың 16 (13%) нысаналы индикаторларына қол жеткізілмеді, 48 (14,6%) іс-шарасы орындалмады. Облыстың даму жоспарының нысаналы индикаторларын жетілдіру, олардың орындалуының жүйелі мониторингін ұйымдастыру үшін бағдарлама орындаушыларының, орталық мемлекеттік органдардың уәкілетті органының ведомствоаралық өзара іс-қимылын нығайту жөніндегі жұмысты тереңдетуді талап етеді.

Облыстық бюджеттің негізгі параметрлері орындалды.

Бұл ретте әкімшілердің жоспарлауға: бюджеттік бағдарламаларды әзірлеуге, нәтижелер көрсеткіштерін бекітуге және олардың орындалуы туралы есептерді қалыптастыруға; бюджеттік өтінімдерді жасауға формальды тәсілдің теріс тәжірибесі сақталады.

Мердігерлердің келісімшарттық міндеттемелерді орындамауы, оның ішінде құрылыс-монтаждау жұмыстарының қымбаттауы салдарынан; кейбір жағдайларда бюджеттік бағдарламаларды олардың әкімшілерінің тиісінше басқаруы; жоспарлардың орындалуын және іс-шаралардың іске асырылуын тиісінше талдауы, мониторингілеу және бақылауы өңірдің үдемелі даму міндеттерін шешуде тежеуші факторларға айналды.

Мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша тексеру комиссиясымен қызмет тиімділігін арттыруға және заңнаманы жетілдіруге бағытталған мемлекеттік органдарға тиісті тапсырмалары мен ұсынымдары берілді.