2023 жылдың 13 сәуірінде тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті.

2023 жылдың 13 сәуірінде тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті.

Баспасөз хабарламасы

     2023 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес      1 тоқсанда Қарағанды облысының Денсаулық сақтау жүйесінің квазимемлекеттік секторының субъектілерінде корпоративтік басқару тиімділігінің және мемлекет активтерін пайдаланудың мемлекеттік аудиті жүргізілді.

     Мемлекет активтерін пайдалануы, сондай-ақ бухгалтерлік есепке алуды жүргізуі кезінде бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі жағынан тиісті бақылау мен мониторингтің болмауы, бұзушылықтардың болуы жалпы сомасы 13 097,0 мың теңгеге Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге заңнаманың бұзушылықтарына әкеп соқтырды. Оның ішінде:

- бюджетке түскен түсімдері кезінде – 4,5 мың теңге;

- қаржылық бұзушылықтары – 12 188,2 мың теңге;

- активтерді тиімсіз пайдалануы – 904,3 мың теңге.

- рәсімдерді орындау тәртібінің 14 бұзушылығы.

     Қаржылық бақылаудың қабылданған шараларымен 4,5 мың теңге бюджетке түсті, 11 984,9 мың теңге бюджетке өтелді, 203,3 мың теңге қалпына келтірілді.

     Сонымен қоса, жіберілген бұзушылықтардың 2 фактісі бойынша материалдары жолданды: Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп туралы заңнамасының бұзушылығы бөлігінде Қарағанды облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментіне, дәрі құралдарының фармацевтикалық сапасы талаптарының сақталуы бөлігінде Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің Қарағанды облысы бойынша Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің департаментіне.