2023 жылғы 31 наурызда тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті.

2023 жылғы 31 наурызда тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті.

2023 жылғы 31 наурызда тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті.

Тексеру комиссиясының отырысында Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында жалпы білім беру және мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға бөлінген бюджет қаражатын пайдаланудың мемлекеттік аудит қорытындылары шығарылды.

Отырысқа тексеру комиссиясының мүшелері, аппарат басшысы, құрылымдық бөлімшелердің басшылары, мемлекеттік аудиторлар, мемлекеттік аудит объектілерінің, облыстық білім басқармасының өкілдері және Қарағанды ​​облыстық мәслихатының депутаты Аян Абдыкаримов, сондай-ақ теледидар өкілдері қатысты.

Отырыс барысында тексеру комиссиясы төрағасының міндетін атқарушы Аян Таханов пен тексеру комиссиясының мүшесі Айдос Садықов сөз сөйлеп, тексеру барысында бұзушылықтардың жалпы сомасы 1 840 277,0 мың теңге (қамту сомасының 13%), оның ішінде: қаржылық бұзушылықтар - 689 752,4 мың теңге; бюджет қаражатын (активтерін) тиімсіз пайдалану - 238 294,4 мың теңге; бюджет қаражатын (активтерін) тиімсіз жоспарлау – 900 485,4 мың теңге; шығындар мен жоғалған пайда -11 744,8 мың теңге. Рәсімдерді орындау тәртібінің 18 бұзылушылығы және 1 кемшілігі анықталғанын атап өтті.

Бұзушылықтардың жалпы сомасынан 17 180,8 мың теңге бюджетке түсуге, 41 215,5 мың теңге бюджетке өтеуге, 631 356,1 мың теңге қалпына келтіруге жатады.

Лауазымдық тұлғалардың әкімшілік жауапкершілігін қарастыру үшін әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар 3 объекті (8 факт) бойынша аудит материалдары Қарағанды облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне және Қарқаралы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасына жолданды.

Қарқаралы қаласының «Еркетай» бөбекжайы» КМҚК бойынша аудит нәтижесінде қылмыстық құқық бұзушылықтар анықталып Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189 - бабына сәйкес құқық қорғау органына жіберілді.

Аудит объектілеріне және уәкілетті органға бюджеттік және өзге де заңнаманың, қаржылық тәртіпті арттырудың сақталуы бойынша ұсынымдары және бұзушылықтарды жою жөнінде нұсқамалары жолданды.