
Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясында мемлекеттік Наурыз мерекесіне арналған салтанатты жиын өтті.
Тексеру комиссиясының қызметкерлерін тексеру комиссиясы төрағасының міндетін атқарушы Таханов Аян құттықтап, жарқын, шуақты және көктемгі мерекенің маңыздылығын атап өтті. Себебі, оның келуімен табиғат жаңарады, адамдарда көптеген қуанышты және жағымды эмоциялар оянады.
Тексеру комиссиясының қызметкерлеріне жақсылық, бақыт, қуаныш, жылулық және барлық істер мен бастамаларға сәттілік тіледі.
Жиын қорытындысы бойынша Таханов Аянмен Тексеру комиссиясы аппаратының қызметкерлері арасында «Ерлер арасындағы үздік ұлттық костюм» және «Әйелдер арасындағы үздік ұлттық костюм» номинациялары жөнінде конкурс қорытындысын шығарды.