
Қарағанды облысы бойынша Тексеру комиссиясында салтанатты жиналысы өтті
Қарағанды облысы бойынша Тексеру комиссиясында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты жиналысы өтілді.
Тексеру комиссиясы төрағасының міндетін атқарушы Аян Таханов нәзік жан өкілдерінің атына келе жатқан мейраммен құттықтап сөз сөйледі. Яғни, Тексеру комиссиясы қызметінің нәтижелеріне қосқан кәсіби үлесі үшін жұмысқа деген бей-жай қарамағаны, рухани ынта-жігері, сондай-ақ кез-келген жағдайда әрқашан шыдамдылық пен төзімділікті сақтай білгені үшін шын жүректен ризашылық пен алғысты атап өтіп, табыс, бақыт, мейірім, мықты денсаулық және үй ішінің амандығын тіледі.
Ұжымның әйел қауымына құттықтау сөздерімен Тексеру комиссиясының мүшесі Айдос Садықов және аппарат басшысы Заур Мурсалимов сөз сөйледі.