
2023 жылғы 20 қаңтарда Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті
Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясында Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңының, Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік этикасы, мемлекеттік аудиторлардың кәсіптік этикасы қағидаларының; 2022 жылға арналған тексеру комиссиясы қызметінің алдын-ала бағалауының; Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының кіріктірілген ақпараттық жүйесінің жұмысында қолдануының талаптарын сақтау мәселелерінің қарастырылуы бойынша кеңейтілген отырысы өткізілді.
Отырысқа тексеру комиссиясының мүшелері, аппарат басшысы және құрылымдық бөлімшелердің басшылары, тексеру комиссиясындағы аппарат қызметкерлері және мемлекеттік аудиторлары қатысты.
Отырыс қорытындысы бойынша Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясы төрағасының міндетін атқарушы Таханов Аянмен аудиторлық және сараптамалық-талдау қызметінің сапасын арттыруы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманың талаптарын және қызметкерлермен әдеп нормаларын сақтауы бойынша тапсырмалары берілді.