2022 жылғы 27 желтоқсанда Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті.

2022 жылғы 27 желтоқсанда Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті.

Баспасөз хабарламасы

 2022 жылғы 27 желтоқсанда Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті.

Тексеру комиссиясының отырысында Нұра ауданы әкімдігінің «Қаратал» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынында өткізілген бюджет қаражатын пайдалану және мемлекет активтерін басқаруға мемлекеттік аудитінің қорытындысы шығарылды.

Отырысқа тексеру комиссиясының мүшелері, құрылымдық бөлімшелердің басшылары, мемлекеттік аудиторлар және де Нұра ауданы әкімдігінің «Қаратал» КМК-ы - мемлекеттік аудит объектісінің өкілдері қатысты.

Отырыс барысында тексеру комиссиясының мүшесі Садықов Айдос сөз сөйлеп, аудит барысында Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасының жалпы сомасы 321 263,4 мың теңгеге бұзушылықтар анықталғанын атап өтті, оның ішінде:

- қаржылық бұзушылықтар - 304 408,6 мың теңге;

- бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау - 15 200,0 мың теңге;

- бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану-1 654,8 мың теңге.

Қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасынан бюджетке түсуге 14 591,1 мың теңге, өтелуге 2 128,0 мың теңге, бюджеттен тыс қорларға аударылуға          2 508,6 мың теңге, қалпына келтіруге 285 180,9 мың теңге жатады.

Мемлекеттік аудит барысында 285 180,9 мың теңге қалпына келтірілді.

Аудит нәтижелері бойынша рәсімдік бұзушылықтар саны 10-ы құрады.

Жіберілген бұзушылықтар үшін лауазымды тұлғалардың әкімшілік жауапкершілігін қарау үшін материалдар берілді:

- Қарағанды облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы 3 факт және мемлекеттік сатып алу саласындағы 5 факт бойынша;

- Нұра ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасына салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді уақытылы және толық төлемеу бөлігінде 5 факт бойынша.

Отырыс қорытындысы бойынша келесі мекен жайларға:

- анықталған бұзушылықтарды жою және бұзушылықтарға жол берген тұлғалардың жауапкершілігін қарау туралы нұсқама Нұра ауданы әкімдігінің «Қаратал» КМК-на;

- Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық және де басқа актілердің талаптарын лауазымды тұлғалармен сақтамау туралы анықталған фактілер бойынша ұсыныс Нұра аудандық маслихатына жіберілді.