
2022 жылғы 22 желтоқсанда 2023 жылға және 2023 жылғы 1 тоқсанға арналған жұмыстар жоспары жобаларының қаралуы мәселесі бойынша Қарағанды облысы бойынша Тексеру комиссиясының отырысы өтті
Қарағанды облысы бойынша Тексеру комиссиясында 2023 жылға және 2023 жылғы 1 тоқсанға арналған жұмыстар жоспары жобаларының қаралуы мәселесі бойынша кезекті отырысы өткізілді.
Отырысқа Тексеру комиссиясының мүшелері, аппарат басшысы және құрылымдық бөлімшелердің басшылары қатысты.
Жұмыстар жоспарының жобалары өзіне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттіліктері мен құзыреті шеңберінде жүзеге асырылатын Тексеру комиссиясының сараптамалық-аналитикалық, құқықтық, ұйымдастырушылық және өзге қызметтерінің мәселелерін енгізеді.
Отырыс қорытындысы бойынша 2023 жылға және 2023 жылғы 1 тоқсанға арналған жұмыстар жоспары жобалары бір дауыспен мақұлданды.