2022 жылғы 22 желтоқсанда 2023 жылға арналған Мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесінің жобасын қарастыру бойынша Қарағанды облысы бойынша Тексеру комиссиясының отырысы өтті

Қарағанды облысы бойынша Тексеру комиссиясында 2023 жылға арналған Мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесінің жобасын қарастыру бойынша кезекті отырысы өткізілді.

Отырысқа Тексеру комиссиясының мүшелері, аппарат басшысы және құрылымдық бөлімшелердің басшылары қатысты.

2023 жылға арналған Мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесінің жобасы Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының сұраныстары мен ұсынымдары, мемлекеттік аудит объектілері қызметінің сандық пен сапалық көрсеткіштерінің тәуекелдер бағалауы қорытындыларын есепке алумен қалыптастырылды.

Спортты дамыту, жылумен жабдықтау, денсаулық сақтау, білім беру, салықтық әкімшілендіру, «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде жобаларды іске асыру, облыстық бюджетті жоспарлау және атқару, автомобиль жолдарын салу, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету салаларындағы 82 аудит объектілерінде 14 аудиторлық іс-шарасын, сондай-ақ Абай ауданы, Саран қаласының жергілікті атқарушы органдарының қызметінің және Ақтоғай ауданы бюджетінің шоғырландырылған қаржылық есептілігінің аудиттерін өткізу жоспарланған.

Отырыс қорытындысы бойынша 2023 жылға арналған Мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесінің жобасы бір дауыспен мақұлданды.