
Баспасөз хабарламасы
2022 жылғы 22 желтоқсанда Тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті.
Тексеру комиссиясының отырысында аумақты және халықты төтенше жағдайлардан қорғауды арттыруға бөлінген бюджеттік қаражаттарды пайдаланудың мемлекеттік аудиті шешімге шығарылды.
Отырысқа Тексеру комиссиясының мүшелері, аппарат басшысы және құрылымдық бөлімшелердің басшылары, аудиторлық іс-шараға қатысқан мемлекеттік аудиторлары, сондай-ақ Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті - мемлекеттік аудит объектісінің өкілдері қатысты.
Аудит барысында тексеру комиссиясының төрағасы міндетін атқарушы Таханов Аян Қарағанды облысының аумақты және халқын табиғи мен техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан Келеңсіз әсерлерден қорғауға бағытталған департаменттің жалпы іс-әрекеті ережемен қарастырылған міндеттерге сәйкес келетінін атап өтті. Бюджеттік қаражаттардың тиімсіз пайдаланылуының бұзушылықтары жалпы сомасы 120,5 мың теңге, 6 рәсімдік бұзушылықтары, 1 жүйелік проблема мен кемшіліктері.
Сонымен қоса, Департаментпен Мемлекеттік сатып алу және бухгалтерлік есепке алу рәсімдерінің бұзушылықтарының, материалдық-техникалық жарықтандырудың бекітілген тізбесінде көрсетілмеген материалдық активтерді сатып алудың, бюджеттік бағдарламалардың тікелей мен түпкілікті нәтижелері көрсеткіштерін орындамауы, бюджеттік бағдарламалардың форматы және жетілдіру талаптарын сақтамауы, бюджет қаражаттарының тиімсіз қолданылуы, бухгалтерлік есепке алу және мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің бұзушылықтары, жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Аумақтық бөлімшелеріне және ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелеріне жәрдем көрсетуі үшін материалдық-техникалық жарақтандыру, ғимараттар мен құрылыстарды салу, реконструкциялау және жөндеу тізбесінде көрсетілмеген материалдық активтерді сатып алуы бөлігінде бюджеттік және өзге заңнама талаптарының сақталмау фактілері жіберілді.
Бюджет қаражаттарын қолдану кезінде жіберілген бұзушылықтары аудит объектісінің басшылығы жағынан тиісті бақылаудың болмауының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасының жауапты лауазымдық тұлғаларымен төмен білімінің және кәсіби дайындықтың жеткіліксіз деңгейінің салдары болып табылады.
Отырыстың қорытындысы бойынша мына мекен-жайларға жіберілуі жөнінде шешімдері қабылданды:
- Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті анықталған бұзушылықтарды жою және бұзушылықтарға жол берген адамдарға жауапкершілік шараларын қолдану туралы нұсқамасы;
- Қарағанды облыстық мәслихаты Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық және өзге де актілерінің лауазымды тұлғалармен талаптарды сақтамауының анықталған фактілері бойынша ұсыныстары.