
Баспасөз хабарламасы
2022 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес 4 тоқсанда облыстың бала халқына медициналық жәрдемді ұйымдастыруға бюджеттік қаражаттарын және мемлекет активтерін қолданудың аудиті жүргізілді.
Мемлекет активтерін пайдалануы, сондай-ақ бухгалтерлік есепке алуды жүргізуі кезінде бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі жағынан тиісті бақылау мен мониторингтің болмауы, бұзушылықтардың болуы жалпы сомасы 129 502,7 мың теңгеге Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге заңнаманың бұзушылықтарына әкеп соқтырды. Оның ішінде:
- бюджетке түскен түсімдері кезінде – 31,3 мың теңге;
- қаржылық бұзушылықтары – 117 288,4 мың теңге;
- активтерді тиімсіз пайдалануы – 12 183,0 мың теңге.
- рәсімдерді орындау тәртібінің 52 бұзушылығы.
Қаржылық бақылаудың қабылданған шараларымен 31,3 мың теңге бюджетке түсті, 9 788,0 мың теңге бюджетке өтелді, 107 500,4 мың теңге қалпына келтірілді.
Сонымен қоса, Қарағанды облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментіне Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп туралы заңнамасын бұзу бөлігінде жіберілген бұзушылықтардың 6 фактісі бойынша материалдары жолданды.
Диагностикалық және зертханалық зерттеулердің тарифтерін сақтау мақсатында бірге орындаушылардағы қызметтердің төлемін ықпалды механизмін жетілдіру бойынша Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігіне ұсынысы бастамашылық етілді.